Министрліктің жаңалықтары

19.04.2017

«Туризм және саяхат» 17-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмесі

2017 жылдың 19-21 сәуірі аралығында Алматы қаласында 17-ші Қазақстандық Халықаралық «Туризм және саяхат» туристік көрмесі туристік маусымды ашады. Көрмеге 2017 жылдың көккейкесті жаңалықтарымен бөлісуге дайын әлемнің 31 елінен 374-тен астам туристік индустрия өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр. Көрме қатысушыларын арзан кемпинг-турлардан бастап керемет аралдағы демалыс түрлері ұсынылады. Көрме ҚР Мәдениет және спорт министрлігі,  UNWTO бүкіләлемдік туристік ұйымы мен Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізілуде.

Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясы мемлекеттік деңгейде экономика салаларының басым бағыттарының бірі ретінде танылған. Осыған байланысты, KITF көрмесі аясында ұйымдастырушылар туристік саланың көкейкесті мәселелеріне арналған бағдарлама әзірледі.

Аталған шешім 2017 жылы өтетін ЭКСПО мамандандырылған халықаралық көрмесі шеңберінде жоспарланып отырған туристердің ағынымен байланысты. Атап айтқанда,  KITF 2017 көрмесінің ірі қатысушылары болып табылатын Қытайдан келетін туристердің қызығушылығы туралы атап өтілді.

2015 жылы Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасында Қазақстанға келетін қытайлық туристердің топтық саяхатын жеңілдетуге бағытталған келісімге қол қойылды. Бұл көрме бұрын белгіленген жоспарлардың жүйелі әрі заңды жалғасы. Іс-шара барысында Қазақстандағы қытайдың туризм жылының салтанатты ашылу рәсімі өтті.   

Көрме барысында сондай-ақ, ішкі туризмнің даму бағыттары талқыланады. Қазақстандық туристік қауымдастық (ҚТА) Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы туризмінің стратегиялық түрлерін, сондай-ақ туризм индустриясы мамандарын тәуелсіз сертификаттау бағдарламасын ұсынады. Қазақстаннның жеке қалаларының туристік инфрақұрылымын дамыту мәселелері де талқыланады.

KITF көрмесі Қазақстан мен Орталық Азиядағы туризм және саяхат саласындағы ең ірі форум болып табылады. Үш күн ішінде алаң барлық әлемнен турбизнес мамандарын жинайды, олар көрмеде ең тиімді ұсыныстар, ең жаңа бағдарламалар мен негізгі шешімдер әзірлейді.

2017 жылы Доминикан Республикасы, Болгария, Греция, Грузия, Мысыр, Индонезия, Испания (Каталония өңірі), Үндістан, Иордании, Қытай, Куба, Марокко, Ресей (Ставрополь өлкесі), Таиланд, Түркия, БАӘ (Шарджа әмірлігі) және Оңтүстік Кореяның елшіліктері мен бейінді мемлекеттік ведомстволары да қатысуға өтініш білдірді. Қазақстан мен Орталық Азия нарығы үшін бірегей 10 мыңнан аса ұсыныстар қалыптастырылды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы атап өткендей, KITF форматындағы халықаралық көрмелер саланың, соның ішінде жеке сегменттерінің дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Жыл сайын аталған сұқбат алаңы ішкі туризмді дамыту үшін таптырмас құрал болып табылатындығын дәлелдеуде.  

Өзгерту: 19.04.2017