Министрліктің жаңалықтары

20.04.2017

Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетті

20 сәуір, 2017. Астана. Мәдениет және спорт министрлігі және министрлікке бағынысты ұйымдардың қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуге қосылды.

Мәдениет және спорт министрлігі #TaskynKomek Көмек жинау штабымен бірлесе отырып, Ақмола облысының зардап шеккен аудандарына 30 ұн қабы мен 20 күріш қабының жеткізілуін ұйымдастырды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері қаржы жинап, зардап шеккендер қорының есебіне 600 мың теңге аударды.

«Астана Опера» театрының ұжымы Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету қорына біркүндік жалақыларын аударды. Театрдың көптеген қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанаты жанындағы Қоғамдық штабқа бұл қиын жағдайда қалған адамдарға арналған тамақ өнімдері мен киім-кешек жолдау арқылы халық акциясына қолдау білдірді.

Өзгерту: 20.04.2017