Министрліктің жаңалықтары

21.04.2017

Күшіміз бірлікте

Күшіміз бірлікте

21 сәуір, 2017. Астана. Қазақстан халқы Бірлігінің күніне арналған «Туған еліме тілегім» атты мерекелік концерт «Астана Опера» театрының Үлкен залында 1мамырда өтеді. Кеш операның жетекші солисттерінің, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Абзал Мұхитдиновбасқаратын «Астана Опера» Симфониялық оркестрінің қатысуымен өтеді. Режиссері – Наталья Кагадий.

Көрнекті опера солисттері – Жанат Шыбықпаев, БейімбетТаңарықов,БибігүлЖанұзақ, Айзада Қапонова, Татьяна Вицинская сияқты тағы басқа қазақ, армян, орыс, башқұрт, италия, испан, француз және өзге тілдердегі шығармаларды орындайды. Мерекелік концертті хор және балет әртістерінің қатысуымен А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан сахналық көрініс ашады. Концерт соңында қазақ опера және балет өнерінің үздік туындылары ұсынылады.

- Орындаушылар өздерінің кәсіби шеберлігімен қатар қазақ мәдениетіне деген сүйіспеншілігі мен құрметін, сондай-ақ өзінің ұлттық мәдениетінің ерекшелігін көрсете алатын мұндай мерекенің болғаны қандай жақсы. Мысалға алатын болсақ, Арменияның халық әртісі Барсег Туманян қазақ тілінде А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсынан Сырттанның ариясын және  армяндық операдан алынған арияны ана тілінде орындайды. Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Әлфия Кәрімова башқұрт халық әні «Сандуғашты» шырқайды. Балет әртістері Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетінен татар биін және В. Соловьёв-Седойдың «Тарас Бульба» балетінен «Гопак» украиндық биін билейді. Концерттің түпкі мақсаты - Қазақстанға деген шынайы сүйіспеншілік сезімін білдіру,-деп атап өтті Наталья Кагадий.   

Мереке 1996 жылдан бастап атап өтілетінін ескерте кетсек. 1995 жылы 18 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1мамыр күнін Қазақстан халқының Бірлігі күні деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Ұлтаралық және дінаралық келісімді сақтау біздің еліміздің негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Халықтар достығы, бейбіт күн – міне, бұл табысты шығармашылық пен өнердің гүлдену негізі.

Өзгерту: 21.04.2017