Министрліктің жаңалықтары

18.05.2017

Әл Фейсал: әділдік және батылдық жолы

18 мамыр, 2017. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен Сауд Арабиясы королі Фейсал ибн Абдул Азиздің жеке коллекциясынан алынған заттардан тұратын «Әл Фейсал: әділдік және батылдық жолы» атты көрмесі ашылды.

Сонымен қатар көрменің ресми ашылу рәсіміне Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Сауд Арабиясы Королінің кеңесшісі, Король Фейсал атындағы Ислам зерттеулер орталығының басқарма төрағасы, ханзада Турки Әл-Фейсал Әл-Сауд, Фейсал орталығының қызметкерлері, Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты.

Көрмеде корольдің жеке заттары, қасиетті мусхафтар, 1927 жылы король Фейсалдың бастамасымен ашылған кисуа матасын (қасиетті Қағбаны орайтын мата) өндіретін цехта жасалған алғашқы кисуа және қару жарақтар, құрмет төсбелгілері, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттар назарға ұсынылды.

Ашылудағы сөзінде министр Саудиттер әулетінен шыққан Сауд Аравиясының үшінші королі, Абдул-Азиз ибн Сауд корольдік тегі басшысының ұрпағы король Фейсал ибн Абдул-Азиз Аль Саудқа арналған көрменің ашылуы елорданың мәдени өмірінде маңызды оқиға болып табылатындығын айтып кетті.

«Король Фейсал билік еткен дәуірдің қалдырған мұрасының құндылығын бағаламауға мүмкін емес. Оның қызметі сауди қоғамының барлық тұстарына әсер еткен болатын: елде мемлекетті сапасы жағынан едәуір жаңа деңгейге көтерген көлемді реформалар жүргізілген еді», - деді А.Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол аталмыш көрме ел мәдени өмірін көркейте түсіріп, екі жақты ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етіп, елорданың тұрғындары мен қонақтарына Сауд Арабиясының мәдениеті мен тарихы туралы жан-жақты ақпарат беретіндігіне сенімін білдірді.

Айтып кету керек, 1983 жылы құрылған Король Фейсал атындағы Ислам зерттеулер орталығы өз қызметінде исламның әлемдік тарихтағы орны мен ролін, ислам құндылықтарын, мұсылман мәдениеті мен өнерін ілгерілетуді мақсат етеді. Бүгінгі таңда Орталық өз елінің ғылыми және мәдени-ағартушылық мекемелерінің ішінде жетекші орын алады.

Өзгерту: 19.05.2017