Министрліктің жаңалықтары

19.05.2017

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде«Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты«дөңгелек үстел» болып өтті.

Іс-шараныЖоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми жүргізді. «Дөңгелек үстел» жұмысына Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров,Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның хатшысы, Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева, ,Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов,ғылыми-шығармашылық интеллигенцияның көрнекті өкілдері қатысты. Сонымен қатар, іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, жоғары сот органы аппаратының басшылығы мен қызметкерлері, Сот төрелігі академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстел» жұмысын аша келе, Қ.МәмиМемлекет басшысының бағдарламалық мақаласында қазақстандықтардың ХХІ ғасырдағы ұлттық санасын дамытудың нақты жолдарын ұсынғанын және рухани жаңғырудың ең басты шарты – ұлттық кодты сақтау қажеттігін атап көрсетті. «Расында, қазіргі жаһандану дәуірінде біз жат идеологиялардың ықпалына өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды насихаттау арқылы төтеп бере аламыз. Сондықтан да қазақ халқының бай тарихи мұрасын сақтай отырып, біз қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін барынша дамытуға тиіспіз», - деді Жоғарғы Сот Төрағасы. 

«Дөңгелек үстел» барысында Түркі әлемі ақсақалдар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессорӘділ Ахметов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, заң ғылымдарының докторы Зайлағи Кенжалиев, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессорлары, филология ғылымдарының докторларыСерік Негимов пен Дихан Қамзабек, Назарбаев университеті Мәдени бағдарламалар орталығының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлтас Құрманбайсөз сөйледі.

Баяндамашылар халқымыздың мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін, ұлттық құндылықтары арқылы жас ұрпақтың санасынжаңғыртудың маңыздылығына тоқталды. Осы ретте олар Мемлекет басшысы айқындаған прагматизм, бәсекелік қабілет, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму, сананың ашықтығысекілді қоғамдық сананы жаңғыртудың іргелі бағыттары бойынша елімізде кешенді іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Жарыссөз барысында сенатор Бектас Бекназаров,Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов,Сот төрелігі академиясының магистранты Ғылымбек Жұмажанов негізгі баяндамашылардың ұсыныстары мен ой-пікірлеріне қолдау білдірді. Оларлатын әліпбиіне көшу, гуманитарлық білім жүйесін жаңарту, ұлттық мәдениетті шетелге таныту, «Туған жер» бағдарламасын, «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобаларын іске асырудың маңыздылығын айрықша атап өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысын қорыта келе, Қ.Мәмиқазақтың билер сотын ұлттық құндылықтар ретінде тануды және оны кеңінен насихаттауды ұсына отырып, рухани жаңғыру арқылы еліміз таяу болашақта бірлігі жарасқан біртұтас ұлт ретінде ең дамыған мемлекеттердің қатарына қосылады деп сенім білдірді.

Іс-шара соңында қатысушылардың тұжырымды ойлары мен ұсыныстарының негізінде «дөңгелек үстелдің» қарары қабылданды.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Өзгерту: 19.05.2017