Министрліктің жаңалықтары

19.05.2017

Мәдениет және спорт министрі Сауд Арабиясының ханзадасымен кездесті

Мәдениет және спорт министрі Сауд Арабиясының ханзадасымен кездесті

19 мамыр, 2017. Астана. Бүгін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Король Фейсал атындағы Исламды зерттеулер орталығы басқармасының төрағасы ханзада Түрки әл-Фейсал әл Саудпен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы мәдениет, спорт, мұражай ісін дамыту және т.б. салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ханзадаға арналған сәлемдесу сөзінде Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Сауд Арабиясы королі Фейсал ибн Абдул Азиздің жеке коллекциясынан алынған заттардан тұратын «Әл Фейсал: әділдік және батылдық жолы» атты көрмесінің ашылуы елорда мәдени өмірінде айтулы оқиғаға айналғандығын айтты.«Сізді Қазақстанда қарсы алуға ризашылығымды білдіріп, елордамыздың тұрғындары мен қонақтарына Сауд Арабиясының тарихы мен мәдениетінің шымылдығын ашуға мүмкіндік берген көрмені ұйымдастырғандығыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл шара мемлекеттеріміз арасындағы ұзақмерзімді және тығыз мәдени ынтымақтастыққа бастау салады деген сенімдемін», - деді қазақстандық ведомствоның басшысы.Ханзада Түрки әл-Фейсал қазақ жерінің қонақжайлығы үшін шексіз алғысын білдірді. Ол Астанаға алғаш рет келіп, қазақстандық елорданың сұлулығына тәнті болып отырғандығын да айтты.«Қазақстандық әріптестерімізге елдің басты музейінде көрме ұйымдастыру туралы ұсынысымызға кең қолдау көрсеткендері үшін алғысымыз шексіз. Бұл көрме шет мемлекетте алғаш рет көрсетіліп жатыр. Көрменің Астанадағы алғашқы қадамы сәтті болып, өзге мемлекеттерде кеңінен насихат табады деген үміттеміз», деп ризашылығын білдСауд Арабиясының ханзадасы.Сонымен қатар ол Король Фейсал атындағы қайырымдылық қорының қызметі туралы баяндады. Қор жанында Ислам зерттеулер орталығы мен университет ашылған. Ханзада Түрки әл-Фейсал өзінің басшылық ететін қордың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен қызметінің барлық саласында ынтымақтастық орнатуға әзірлігін білдірді.Кездесу соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы Сауд Аравиясының өкілін «Астана Опера» театрындағы қойылымға шақырды.

1983 жылы құрылған Король Фейсал атындағы Ислам зерттеулер орталығы өз қызметінде исламның әлемдік тарихтағы орны мен ролін, ислам құндылықтарын, мұсылман мәдениеті мен өнерін ілгерілетуді мақсат етеді. Бүгінгі таңда Орталық өз елінің ғылыми және мәдени-ағартушылық мекемелерінің ішінде жетекші орын алады.

Ислам зерттеулер орталығына Саудиттер әулетінен шыққан Сауд Аравиясының үшінші королі, Абдул-Азиз ибн Сауд корольдік тегі басшысының ұрпағы король Фейсал ибн Абдул-Азиз Аль Саудтың есімі берілуі кездейсоқ емес. Король Фейсалдың қызметі сауди қоғамының барлық тұстарына әсер етіп, оның билігі кезінде елде мемлекетті сапасы жағынан едәуір жаңа деңгейге көтерген көлемді реформалар жүргізілген еді. Фейсалдың халықаралық алаңдағы әрекеттері Корольдікті әлемдік мәдени, саяси және экономикалық ынтымақтастыққа белсенді атсалысушы мемлекеттерінің қатарына қосты.  ***Ханзада Турки ибн Фейсал Әл Сауд родился 1945 жылдың 15 ақпанында Меккеде дүниеге келді. Ол король Фейсала ибн Абдул-Азиздің (билік еткен жылдары 1964—1975) сегізінші және кенже ұлы. 

Өзгерту: 19.05.2017