Министрліктің жаңалықтары

19.05.2017

Кәсіби мереке қарсаңында Астанада мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды

19 мамыр, 2017. Астана. Бүгін «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлері күнін атап өту аясында сала өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Мәдениет және өнер қайраткерлеріне ведомстволық наградалар - «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілері мен құрмет грамоталары табысталды.

Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 2013 жылдан бастап ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлері күні 21 мамырда аталып келеді. Бұл айрықша күн заманауи қазақстандық қоғам өмірінде сала қызметкерлері алатын маңызды орынды атап өтуге мүмкіндік береді. Мәдениет және өнер қайраткерлері өздерінің күнделікті қызметімен қазсқатндық қоғамның рухани-адамгершілік дамуына, өскелең ұрпақты патриотизм мен туған жерге деген сүйіспеншілік аясында тәрбиелеуге, ұлттық біртектілікті сақтау мен еліміздің мәдени байлығын арттыру саласында елеулі үлес қосып келеді. Оларға қоғамдық сананы жаңғырту саласында басты жауапкершілік жүктеліп, «Туған жер», «Қазақстанның қасиетті жерлері», «Қазақстандағы 100 жаңа есім» және «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобаларын жүзеге асыру артылған. 

«Елбасы айтқандай: «Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл – ойы мен парасаты. Мәдениет кең де қастерлі ұғым, бұл бағыттағы әр қадам игілікті». Өркенді мәдениетіміз бен өнегелі өнерімізді әрі қарай өрістету жолында қастерлі де қасиетті іс-қимылдарға толы қызметтеріңізге шынайы алғыс білдіреміз. Кез келген халықты мәдениеті мен өнері арқылы танып, бағалайды. Еліміздің мәдениет және өнер саласының өкілдері, сіздер, өнеріміздің дамытужолында аянбай еңбек етудесіз. Өз өнерлеріңізбен елдің рухын көтеріп, адамзат баласына шексіз қуаныш сыйлап келесіздер», - деді ҚР Мәдениет және сопрт вице-министрі А. Райымқұлова.

Қатысушыларға алғысын білдірген ол ақын, композитор  Махаббат Бигельдиев, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының хор әртісі Шолпан Жағыпарова мен Салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Светлана Иманқұловаға «Мәдениет саласының үздігі» құрметті төсбелгілерін тапсырды.

Сондай-ақ мәдениет және өнер қайраткерлерінің бірқатары ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Олардың арасында «Астана Опера» театры директорының орынбасары Александр Савостьянов, ҚР МСМ Ішкі аудит қызметінің басшысы Асем Нұржанова, ҚР Ұлттық музейі Археология және этнография бөлімінің жетекшісі Әлишер Беспалинов, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Данияр Мұқатаев, т.б.

«Астана Опера» театры Жалпы бөлімінің басшысы Дастан Джанбирбаев, Ұлттық академиялық кітапхананың еден жуушы Шұға Әлиасқарова, Ұлттық музейдің Арт менеджер маманы Қарлығаш Нұрмағанова «Еңбек даңқы» наградасымен марапатталды. Салалақы кәсіподақтың мақтау қағазы ҚР МСМ Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Төлегенқызы Әлияға табысталды.

Мерекелік кеш қазақстандық жұлдыздардың қатысуымен ұйымдастырылған концерт аяқтады.

ҚР МСМ Баспасөз қызметі

Өзгерту: 19.05.2017