Министрліктің жаңалықтары

14.06.2017

ҚазҰӨУ EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бірқатар шаралар өткізеді

ҚазҰӨУ EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында бірқатар шаралар өткізеді

EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Қазақ ұлттық өнер университеті бірқатар іс-шара өткізуде. Олардың қорытындылары мен алдағы іс-шаралар туралы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз конференциясы барысында Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева, Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ректоры Александр Соколов Шанхай музыка консерваториясының президенті Zaiyong Lin, Беларусь мемлекеттік музыка академиясының ректоры Екатерина Дулова, Санта-Чечилия консерваториясының директоры Alfredo Santoloci, П.И.Чайковский атындағы Қауымдастықтың бас директоры Андрей Щербак мәлімдеді.

Іс-шаралар кешені 10 маусым күні «ЭКСПО – Болашақ энергиясы. Астана 2017» Халықаралық көрмесінің алаңында Қазақ ұлттық өнер университетінің «Арман» концертімен басталды. Концерт шеңберінде Львов симфониялық оркестрінің бас дирижері Айдар Торыбаевтың жетекшілігімен Еуразиялық симфониялық оркестрі, домбырашылар ансамблі, «Sax Horus» саксофонисттер квартеті, флейташылар квартеті, виолончелисттер квартеті, халықаралық фестиваль мен байқаулардың лауреаттары атанған жас талантты музыканттар -  ҚазҰӨУ-нің жеке орындаушы студенттері өнер көрсетті.

Концерттің режиссері -  атақты ресейлік режиссер Алексей Франдетти.

«Аталмыш іс-шара аясында 3 концерт болып өтті. Үш күннің ішінде концертті 3000-ға жуық көрермен тамашалады» - деп тұжырымдады ҚазҰӨУ-інің ректоры Айман Қожабекқызы.

13 маусым күні Қазақ ұлттық өнер университетінің іргесінде «Ұлы Жібек жолы: Батыс және Шығыс мәдениетінің өзара әрекеттесуі» атты  Жібек жолы елдеріндегі музыкалық мекемелер басшыларының 2 Форумы болып өтті.

«Биыл 13 елден келген музыкалық мекемелерінің бірінші басшыларынан құрылған форумның осындай абыройлы құрамы Қазақ ұлттық өнер университетінде алғаш рет бас қосты» - дейді Айман Мұсақожаева.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтетін Форум қатысушылардың назары келесі өзекті мәселелерге аударылады: дәстүрлі ұлттық мәдениетті сақтау мен дамыту мәселелері; музыкалық мұраның сабақтастығы – өнер саласындағы жоғары оқу орындарының тәжірибесі;  ЭКСПО-2017 «Өнер энергиясы – болашақ энергиясы».

Аталмыш мәселелерді талқылау барысында музыкалық мекемелердің басшылары мәдениет және өнер саласындағы тәжірибе мен жетістіктерімен бөлісті.

15-25 маусым аралығына П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас өспірімдер байқауы болып өтеді.

Байқаудың ұйымдастырушылары П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқау лауреаттарының қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі.

Шығармашылық дода Қазақ ұлттық өнер университетінің, П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы мен Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Байқаудың көркемдік жетекшісі – Қазақстан Республикасының Халық әртісі, ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсақожаева.

«Байқау 17 жасқа дейінгі музыканттар арасында фортепиано, скрипка,виолончель мамандықтары бойыша өткізіледі.

Байқаудың әр түрлі елдерде өтуінің арқасында әлемнің түпкір-түпкірінен жас музыканттардың қаысуына мүмкіншілік беріледі. П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқаумен табиғи байланыс, қатысушылардың ауқымды саны және олардың жоғары орындаушылық деңгейі, күрделі конкурстық бағдарламалар, абыройлы қазылар алқасы, көрермендер мен бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан үлкен қызығушылық  - осының барлығы жас музыканттарға арналған ең беделді халықаралық байқаулардың қатарына жатқызады, –деді Айман Мұсақожаева.

П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас өспірімдер байқауының қазылар алқасы құрамына Ресей, Қазақстан, АҚШ, Жапония, Корея, Қытай, Вьетнам, Франция, Швейцария, Венгрия, Финляндия және басқа елден атақты музыканттар мен музыкалық мәдениет қайраткерлері енді.Аталымдар бойынша қазылар алқасының төрағалары: «фортепиано» – Владимир Овчинников, «скрипка» – Виктор Третьяков, «виолончель» – Сергей Ролдугин. Жас музыканттардың өнерін Мәскеу консерваториясының профессорлары Валерий Пясецкий менЮрий Слесарев, Борис Андрианов менКирилл Родин, Сергей Кравченко мен Эдуард Грач, ҚазҰӨУ-інің профессорлары Нурлан Измайлов менГүлжәмиляҚадырбекова, сондай-ақ абыройлы қазылар алқасы, соның ішіндеЛасло Мезо (Венгрия), ЮргисДварионас (Литва), Франциско Круз Плаза (Италия), Нам Юн Ким (Корея), АкикоТацуми (Жапония), МарттиРоуси (Финляндия) бағалайды. Биыл қазылар алқасы құрамына алғаш рет жас музыканттар – өткен жылдардың байқау жеңімпаздары Анастасия Ушакова менДонгхюк Ким кірді. Байқау шеңберіндегі өнер көрсетулер елордамыздың үздік концерт алаңдарында, атап айтқанда: «Астана Опера» Үлкен залында, «Қазақстан» ОКЗ-да, Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы және Оган залдарында өтеді.

Ақтық мәреге қатысушылар Еуразиялық симфониялық оркестрі мен ҚазҰӨУ-інің симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өнер көрсетеді.

«Астана Опера» Үлкен залында 15 маусым күн Байқаудың ашылу салтанаты өтсе, 20 маусымда Еуразиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Сергей Ролдугинмен Айман Мұсақожаева өнер көрсетеді. Конкурстық тыңдаулар ҚазҰӨУ-інің Орган залында және ҚазҰӨУ-інің Жабаев атындағы залында 16-24 маусым аралығына жоспарланған. Байқаудың бағдарламасына сонымен қатар қазылар алқасының шеберлік сыныптары мен концерттері енгізілді. Олардың бірі – Кирилл Родин мен Борис Андриановтың қатысуымен Наталия Шаховскаяны еске алу концерті. Байқаудың жабылу салтанаты мен лаураттар концерті 25 маусым күні «Қазақстан» ОКЗ-да жоспарланған.

Байқауға 20 елден:  Ресей, Қазақстан, Қытай, Корея, Жапония, Америка Құрама Штаттары, Моңғолия, Өзбекістан, Германия, Италия, Израиль, Ұлыбритания, Мексика және басқа елдерден жас орындаушылар қатысады.

15 маусым күні сағат 19.00-де «Астана Опера» Үлкен залында байқау салтанатты ашылуы болады.

20 маусым күні сағат 19.00-де «Астана Опера» Үлкен залында ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева мен атақты Ресей виолончелисі Сергей Ролдугиннің концерті паш еткізіледі.

25 маусым күні сағат 19.00-де «Қазақстан» ОКЗ-да П.И.Чайковский атындағы Х Халықаралық жас өспірімдер байқауының салтанатты жабылуы мен лауреаттар концерті болып өтеді.

Өзгерту: 14.06.2017