Министрліктің жаңалықтары

16.06.2017

А. Мұхамедиұлы: «Қазір еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады»

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының халық алдында есеп беру кездесуі өтті. Қазақстан тұрғындары  мәдениет, өнер, спорт, тілдерді дамвту, туризм саласындағы өздерін қызықтыратын сұрақтарына министрден тікелей жауап алды.  Оның пікірінше, елімізде спортқа деген қызығушылық қарқынды түрде өсіп келеді – еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Ал, Елімізде бір жыл ішінде 43 мыңға жуық спорттық-көпшілік іс-шаралар өтуде.

Өз баяндамасында министр А. Мұхамедиұлы қазақстандық спортшылардың  Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарындағы сәтті өнер көрсеткендерін атап өтті. Алматыда өткен 28-ші Дүниежүзілік Универсиадада жалпы командалық 2 орын алған біздің спортшылар сәтті ойын көрсетті.

2016 жылдан бастап қазақстандық спортшылар 718 халықаралық жарыстарға қатысып, 239 алтын, 223 күміс, 289 қола медальдарға қол жеткізді.  Бір ғана Универсиаданың өзінде 11 алтын, 8 күміс, 17 қол медальдар әкелді. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғашқы рет біздің паралимпиадашылар Зульфия Габдуллина, Раушан Қойшыбаева Риодағы Паралимпиада ойындарында алтын мен күміске қол жеткізді.

 «2018 жылы өтетін Кореядағы қысқы Олимпиадаға дайындық барысында биатлон бойынша 10, мәнерлеп сырғанау бойынша 3 лицензияға қол жеткіздік, жоспарымыз 60 лицензия ұтып алу бар» - деді ведомства басшысы. 

Министрдің пікірі бойынша, спортқа деген қызығушылық қарқынды түрде өсіп келеді – еліміздің әрбір үшінші тұрғыны жүйелі түрде спортпен шұғылданады. Ол үшін республика бойынша 11 мың спорттық ғимараттар, 450 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептері, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін әр облыста спорттық клубтар мен спорт мектептері жұмыс істеуде.   Екі жыл ішінде аймақтарда 18 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері ашылды, Street Workout жүйесінің 33 көшелік құрылғылары орнатылды.

Өзгерту: 16.06.2017