Министрліктің жаңалықтары

19.06.2017

ҚР МСМ туризм индустриясы Комитеті дөңгелек үстел ұйымдастырады

ҚР МСМ туризм индустриясы Комитеті Ұлт жоспарының 97 қадамын жүзеге асыру аясында 2017 жылдың 20 маусымында өзін-өзі реттейтін ұйымдарға бірқатар мемлекеттік функцияларды тапсыру мәселелерін талқылауға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырады.

Талқылау функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға тапсыру бойынша реттеуші әсерін анықтау үшін жұмыс тобының басшысы – Министрліктің Туризм индустриясы Комитетінің Төрайымы – М.С.  Мұрзамадиеваның бастамасымен өтеді.

Дөңгелек үстелге жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар, аталған мәселелерді талқылауға қатысуға ниет білдірген тұлғалар қатыса алады.

Дөңгелек үстел жұмысына қатысушыларды тіркеу сұрақтары бойынша жауапты қызметкер, комитеттің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Б.С.Ақшаловқа 74-27-92 телефоны бойынша немесе b.akshalov@mks.gov.kz электронды мекенжайы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

 

Өзгерту: 19.06.2017