Министрліктің жаңалықтары

15.07.2017

Астанада танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың сахнадағы шығармашылығының 60-жылдығына арналған «Өз елім» атты ән кеші өтеді

Астанада танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың сахнадағы шығармашылығының 60-жылдығына арналған «Өз елім» атты ән кеші өтеді

2017 жылғы 15 шілдеде, сағат 19.00-де «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында танымал әнші Нұрғали Нүсіпжановтың сахнадағы шығармашылығының 60-жылдығы мен 80-жылдық мерейлі мерейтойына арналған «Өз елім» атты ән кеші өтеді.

Нұрғали Нүсіпжанов – Қазақстан Халық әртісі, Мемлекеттік жүлденің лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.

Н. Нүсіпжановқа арналған шығармашылық кештің бағдарламасына «Дедім-ай,ау!», «Алқоңыр» халық әндері, Шәмші Қалдаяқов, Сабырхан Асанов, Нұрғиса Тілендиев, Мұқағали Мақатаев, Төлеген Мұхамеджанов,  Бахыт Қайырбеков және көптеген басқа қазақ композиторлары мен ақындарының туындылары енді.

Өзгерту: 15.07.2017