Министрліктің жаңалықтары

15.07.2017

Әлем халықтарының музыкасы

2017 жылғы 16 шілдеде ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасының аясында, Құрманғазы атындағы Мемлекеттік халық аспаптарының академиялық оркестрі концертін қояды, онда қазақтың ең жарқын аспаптық және әуендік классика туындылары, халық шығармашылығының өшпейтін жауһарлары, орыс және еуропа авторларының музыкасы шырқалатын болады.

Оркестр ғажайып халық аспаптарымен даланың мелодиясымен таныстырады, көзі бабалардың мәдени мұрасы болып табылатын позитивтік энергиямен қуаттандырады.  Концерттерге қазақ фольклорының жұлдыздары, ұлттық вокалдық өнердің танымал шеберлері қатысатын болады.

Концерттік бағдарламада Құрманғазы, Тәттімбет, Дина, Нұрғиса Тілендиев, Сыдық Мұхамеджанов, Айтқали Жайымов, Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев сынды қазақ композиторларының шығармаларымен қатар Иосиф Тамарин, Мирей Матье, Де Фалья, ЛеройАндерсон, Иоганн Штраус, Дж.Россини, Сервер Какура т.б әлем композиторларының шығармалары орындалады.  

Концертке: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Толқын Забирова, Талғат Күзенбаев, Тамара Асар,  Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лаураеты – Батыржан Мықтыбаев, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаттары: «Заман» тобы, Ақайша Жұрбай, Меруерт Аканаева, Әсел Рақымжан қатысады.

Өзгерту: 15.07.2017