Министрліктің жаңалықтары

10.08.2017

Азамат Жылтыркөзов дауысының ғажайып шарықтауы

Азамат Жылтыркөзов дауысының ғажайып шарықтауы

19 тамыз күні «Астана Опера» театрының Камералық залында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының лауреаты, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Азамат Жылтыркөзов (баритон) пен Қ. Жұмакенов атындағы флейташылар ансамблінің қатысуымен «Ғажайып үннің шарықтауы» атты бірегей концерт өтеді. Фортепиано партиясын Мәдениет қайраткері, профессор, Қазақ ұлттық өнер университеті Фортепиано кафедрасының меңгерушісі Сара Асабаева орындайтын болады.

- Бағдарлама әр дәуірдегі сазгерлер туындыларының сан-алуандығын көрсете алатындай етіп таңдалды. Концертіміз «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында өтуіне орай, оны ерекше ету мақсатында, біздің қонақтарымыз бен тұрақты тыңдармандарымызға жаңаша леп болатын, сирек орындалатын шығармаларды репертуарға қосуға тырыстық. Осы кеште француз, қазақ, армян, татар, орыс және тағы басқа композиторлардың музыкалары шырқалатын болады, - деді «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД «Дебюттер достастығы» Халықаралық жүлдесінің лауреаты Азамат Жылтыркөзов.

Әншінің өзі Еревандағы Арам Хачатурян атындағы ХІІІ Халықаралық байқау (екінші орын) сынды мәртебелі вокалдық сайыстарда өнер көрсетіп, сәттілік пен жүлделі орын алып, сондай-ақ орыс композиторы арияларының, халық әндерінің және Тигран Чухаджянның «Аршак Екінші» операсы арияларының үздік интерпретаторы ретінде арнайы үш сый иеленген композицияларын паш етпек. Сонымен қатар бұл кеште ұсынылатын арияларды керемет орындағаны үшін қазақстандық солист Рустем Яхин атындағы IV Халықаралық байқау мен Г.В. Свиридов атындағы Халықаралық доданың бірінші жүлделеріне қол жеткізген болатын. Осылайша, тыңдаушылар назарына Г.В. Свиридовтың «Отчалившая Русь» топтамасынан туындылар, армян композиторы Комитас шығармалары және басқа да композициялар ұсынылмақ.

Қ. Жұмакенов атындағы флейташылар ансамблі де көрермен қауымға көптеген тосынсый әзірлеген. Атап өтер болсақ, танымал ұжым музыканттарының интерпретациялары өзінің терең мәнімен әрі шынайылығымен жұртты тәнті етуде.

Концерт жүргізушісі - Мәдениет қайраткері Маржан Жәкенова.

 

Өзгерту: 11.08.2017