Министрліктің жаңалықтары

08.09.2017

Бибігүл Төлегенованың IX халықаралық вокалистер конкурсы өз жұмысын бастады

Астана қаласында ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарлама аясында осымен тоғызыншы рет Бибігүл Төлегенованың халықаралық вокалистер конкурсы өтуде. Халықаралық вокалистер конкурсы жастарымыздың назарын классикалық және халық музыкасына тартуды мақсат етеді. Конкурс дарынды жас орындаушылардың беделін асқақтатып, жастарымыздың рухани дамуына септігін тигізбек. Қазақ музыкасының таңдаулы үлгілерін орындау мәдениетін қайта жаңғыртып, Қазақстан композиторлары шығармаларын дәріптеуде қызмет атқарады.

Іріктеу және ақтық кезең 2017 жылдың 5 қыркүйегінен бастап, 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында өтеді. Конкурстың жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2017 жылдың 10 қыркүйегінде «Қазақстан» ОКЗ сахнасында, сағат 18-30-да басталады.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен, таяу және алыс шет елдерден опера өнерінің хас таланттары жиналады. Бибігүл Төлегенованың IX халықаралық вокалистер конкурсы Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ерекше концерт ұйымдастырмақ. Конкурсқа 1985 жылы 1 қазаннан ерте емес және 1998 жылы 1 қазаннан кеш емес туылған әнші қыз-жігіттер қатыса алады. Конкурстық сынақ іріктеу және ақтық кезеңдерінен тұрады. Барлық тыңдаулар көпшілік алдында өткізіледі. Өнер көрсету тәртібі жеребе тастау арқылы анықталып, конкурс соңына дейін сақталады. Ақтық турға 12-14 өнерпаз қатыстырылады. Конкурсқа қатысушылардың өнерін беделді әрі кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Конкурстың қазылар төрағасы – КСРО халық артисі, Социалистік еңбек ері, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлық лауреаты, академик Бибігүл Төлегенова.

Қазылар құрамына Бибігүл Төлегенованың I-VIII халықаралық вокалистер конкурсының бас жүлде иегерлері мен лауреаттары кіреді:

  1. Талғат Мұсабаев – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген қайраткері , «Астана опера» опера және балет театрының жетекші солисті, Халықаралық конкурстар лауреаты, Қазақстан Республикасы, Астана қ.;
  2. Каримова Альфия – Башқұртстан Республикасының Еңбек сіңген артисі, «Астана опера» опера және балет театрының жетекші солисті, Халықаралық конкурстар лауреаты, Қазақстан Республикасы, Астана қ.;
  3. Желтұрғызов Азамат – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген қайраткері, Халықаралық конкурстар лауреаты, Астана қаласы әкімінің Мемлекеттік Академиялық филармониясының солисті, Қазақ ҰӨУ «Вокал өнері және хорды дирижирлік ету» кафедрасының профессоры.
  4. Байғожин Сүндет – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген қайраткері, Халықаралық конкурстар лауреаты, «Астана опера» опера және балет театрының жетекші солисті, Қазақстан Республикасы, Астана қ;
  5. Рамиз Усманов – Өзбекстанның халық әртісі, Халықаралық конкурстар лауреаты, А.Навои атындағы МАҮТ солисті, Өзбекстан, Ташкент қ.;
  6. Хамзина Дина – Қазақстан Республикасының Еңбек сіңген қайраткері, Халықаралық конкурстар лауреаты, «Астана опера» опера және балет театрының жетекші солисті, Қазақстан Республикасы, Астана қ;

 Конкурстың жауапты хатшысы: Рузавина Раиса – Ресей Мәдениетінің еңбек сіңірген қызметкері, Ресей, Мәскеу қ.;

Жас әншілерінің өнер көрсетуін халықаралық қазылар алқасы бағалайды және әрбір қатысушы өнер көрсетуінің шығармашылық талдауын, сондай-ақ, кәсіби мамандардың ұсыныстарын алады. Конкурстың негізгі ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ, «Мирас» Мәдениеттің қоғамдық ұлттық қоры» Қоғамдық қоры.

Өзгерту: 08.09.2017