Министрліктің жаңалықтары

11.09.2017

Қазақ балуаны “Әлем барысы” атанды

8 қыркүейк. Астана. Астанада өткен қазақ күресінен «Әлем барысы -2017» турнирі өз соңына жетті. 38 елден 42 палуан қатысқан сайыста шығысқазақстандық Әйбек Нұғымаров жеңіске жетті.  Ақтық бәсекеде грузиялық Гурам Тушишвилимен кездескен Әйбек қарсыласын жеңіп, жеңіске жетті. Үшінші орын да қазақстандық спортшының қанжығасында. Ержан Шынкеев моңғолиялық Серік Бердімұратты ұпай санымен жеңді. Айта кетсек, аталмыш сайыста ел намысын 5 палуан қорғады.

Турнирдің қорытындысы бойынша чемпион 15 миллион теңге, екінші орынға - 5 миллион, үшінші орынға - 3 миллион, төртінші орын үшін - 2 миллион, бесінші орынға - 1 миллион 500 мың теңге, 6 орын үшін - 1 млн. теңге, 7 орынға - 800 мың теңге, 8 орын үшін - 700 мың теңге, 9 орын үшін - 600 мың теңге, 10 орын үшін - 400 мың теңге берілді.

Сонымен бірге, Чемпионаттың жеңімпазы Айбек Нұғымаров «алтын белдеу», Гурам Тушишвили және Ержан Шынкеев «күміс» және «қола» белдеулерімен марапатталды.

Турнир аяқталғаннан кейін көрермендер арасында бағалы сыйлықтар лотереясы өтті, онда басты жүлде - «Renault Logan» автокөлігі ойнатылды.

І орын – Айбек Нұғмаров – (Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы);

ІІ орын– Гурам Тушишвили (Грузия);

ІІІ орын – Ержан Шынкеев (Қазақстан, Қарағанды облысы).

Өзгерту: 11.09.2017