Министрліктің жаңалықтары

10.11.2017

Республикамыздың шығу туризмі саласындағы азаматтар құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді

Республикамыздың шығу туризмі саласындағы азаматтар құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті жергілікті атқарушы органдармен бірге Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарына кепілдік беру жүйесіне кірмейтін туроператорлардың лицензияларын тоқтату бойынша жұмысын бастайтынын жария етті.

«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) 2015 жылғы 17 қарашада енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі енгізілді (бұдан әрі – жүйе).

Атап айтар болсақ, шығу туризмі саласындағы азаматтардың құқықтарына кепілдік беру жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 608 қаулысымен анықталған әкімшісі – «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры арқылы жұмыс істейді.

Бұл ретте Заңның 27-3-бабының 1-тармағына сәйкес Шығу туризмі саласында қызметін жүзеге асыратын туроператорларға және туроператорлар-әуе кемесімен жалданушыларға мына төмендегідей жаңа міндеттемелер енгізілді:

1) «Туристік Қамқор» корпоративтік қорына шарттың түпнұсқасын не нотариалды куәландырған көшірмесін ұсына отырып, Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің не Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі айқындаған үшінші тұлғаның пайдасына банк кепілдігімен қамтамасыз етілген ақшаны төлеуді, Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес екінші деңгейдегі банкпен банктік кепілдік шартын жасасуды көздейді. Банктік кепілдік сомасы: туроператорларға – 5 000 АЕК; туроператор-әуе кемесімен жалданушыларға – 15 000 АЕК (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 қаулысы);

2) арнайы шотқа туроператор немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушы қалыптастырған және турагент Қазақстан Республикасының азаматына өткізген әрбір туристік өнімнен 0,5 АЕК сомада ақшаны аудару жүктеледі.

Туристік операторлардың есеп беруіне айрықша көңіл бөлінеді, яғни, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қазандағы № 607 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 5-тармағына сәйкес, туроператорлар мен туроператорлар-әуе кемесімен жалданушылары ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5 күнінен кешіктірмей, жүйе әкімшісі белгіленген нысан бойынша арнайы шотқа Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен сомада ақшаны аудару туралы «Туристік Қамқор»  корпоративтік қорына мәліметті береді.

Көрсетілген міндеттемелер 2016 жылғы 7 қарашадан бастап күшіне енді.

Заңның 27-3 бабының 2 тармағына сәйкес шығу туризмі саласындағы туроператорлар мен туроператор-әуе кемесімен жалданушыларда жоғарыда аталған міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету «Туристік Қамқор» корпоративтік қорына және туризм саласындағы уәкілетті органға жүктеледі.

Заңның 27-3-бабының 3-тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді орындамайтын немесе тиісті дәрежеде орындамайтын туроператордың немесе туроператор-әуе кемесімен жалданушының Қазақстан Республикасы азаматтарына шығу туризмі саласында туристік қызмет көрсеткені анықталған жағдайда, уәкілетті орган осындай мән-жайларды анықтаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензияны тоқтата тұруды жүзеге асыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабының 1) тармақшасымен кәсіпкерлік субъектілерінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндеттемесі анықталған.

Өзгерту: 10.11.2017