Министрліктің жаңалықтары

11.11.2017

«Kazakh Tourism» Ұлыбритания мен Еуропадан Қазақстанға туристер мен инвесторларды тартады

Лондондағы WTM туристік көрмесі аясында Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі   Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Ыдырысовтың қатысуымен семинар өтті.

Семинарда Қазақстандық делегация басшысы, Kazakh Tourism ҰК АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Гүлнәр Кенеева мен Air Astana компаниясының басшылығы қатысты. Сондай-ақ,  Travel Weekly журналы департаментінің басшысы Мэри Рега, Travel Weekly өкілі Марта Казинска, Ian Allan Aviation tour менеджері Грэхэм Динсдэйл, Орта Азия бойынша сарапшы  KSE Solutions  басқарушы директоры Азии Георг Смит, Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің Кеңесшісі  Эрлан Бегежанов, Ұлыбританиядағы Қазақстан Елшілігінің үшінші хатшысы Ануар Адильбеков, Ұлыбританияның жетекші туристік компанияларының өкілдері қатысты.  

Кездесу барысында Гүлнәр Кенеева Kazakh Tourism компаниясының қызметінің барысымен таныстырды. Ұлыбританияның туризм саласындағы білікті мамандарымен пікір алмасып, Қазақстандағы туризм саласының негізгі мәселелерін талқылады.  Қазақстанның туристік индустриясына Ұлыбритания мен Еуропадан туристер мен инвестиция тарту бойынша ортақ жұмыс үшін жетекші туроператорлар мен компаниялардың басшылары мен өкілдері, БАҚ өкілдері, сарапшылар кіретін жұмыс тобын құру туралы келісті.  

Еске сала кетейік, «World Travel Market» (WTM) әлемдік жәрмеңкесі жыл сайын 1980 жылдан бері өткізіліп келеді. 2016 жылы көрмеге туризм саласында 51 мыңнан астам маман қатысты.

 

 

 

Өзгерту: 11.11.2017