Министрліктің жаңалықтары

30.11.2017

Астанада мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссияның 5-ші отырысы өтті

30 қараша, 2017. Астана. Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі аралас комиссияның 5-ші отырысы өтті.

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, білім және ғылым қайраткерлері қатысты.

Өз сөзінде ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмаз Нұразхан аралас комиссияның 5-ші Кеңесінің маңыздылығы мен ерекшелігін атап өтті. Отырысты өткізу - бұл екі мемлекеттің бірлескен ұмтылыстарының көрсеткіші және тұтастай алғанда мәдениет және гуманитарлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету. Аралас комиссияның қызметі мәдениет және өнер, туризм, білім беру, тіл үйрету, кәсіби білім беру, БАҚ, баспа және архив ісі, жастар ісі, спорт және мемлекеттік қызмет саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырады.

«Бүгінде Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынас барлық салаларда қарқынды дамып келеді. Біздің елдеріміздің көшбасшыларының сенімді қарым-қатынасы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту үшін берік негіз қалады», - деп атап өтті Алмаз Нұразхан.

А. Нұразханның айтуынша, осы комиссияның соңғы кездесуінен (Берлин, 2014) Қазақстан мен Германияның мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастығы тұрақты түрде дамыды.

2016 жылдың тамыз айында Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі Берлин концерттік үйінің сахнасында өткен «Янг Юро Классик» классикалық музыка фестиваліне алғаш рет қатысты. Бұдан басқа, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисті Бауржан Андержанов Эссендегі Альто-Мюзиктеатр театрында өнер көрсетеді және 20 жылдан астам уақыт бойы опера әншісі Қайыржан Жолдыбаев Крефельд және Мёнхенгладбах қалаларындағы театрларда өнер көрсетуде.

2017 жылдың маусым айында Астанада Петр Ильич Чайковский атындағы X Халықаралық жастар байқауы өтті, онда неміс әртістері қатысты. Берлин мемлекеттік балетінің прима-балеринасы Элиза Каррильо Кабрера және Берлин мемлекеттік балетінің премьері Михаил Канискин 2017 жылғы 24-29 маусым аралығында Астана қаласында өткен «Eurasian Dance Festival» атты 1-ші халықаралық фестиваліне қатысты.

Сондай-ақ, 2017 жылдың 29 қарашасы мен 16 желтоқсан аралығында Ресейдің ғылым және мәдениет үйінің концерт залында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының аясында Берлин қаласында «Ұлы Дала Сазы» концерттік қойылымымен «Астана Мюзикл» театры мен «Астана сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті өтеді.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы мәдени алмасуға «Республикалық академиялық неміс драма театрының» маңызды рөлін атап өту қажет.

2017 жылдың бірінші жартыжылдығында театр жұмысының аясында Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» спектаклін «Гете Институты Қазақстан» бірлескен іс-шарасы - би театрының элементтерімен неміс тілінде қойылды (Германиядан режиссер-хореограф Флориан Бильбао). Тұсаукесер 2017 жылы 2 шілдеде Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищенің сахнасында өтті.

Бұдан басқа, гастрольдік сапар аясында 2017 жылдың 26 сәуірінде театр ұжымы Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын мерекелеуге арналған концертке қатысты.

Театр Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылғы 8-12 шілде аралығында Астана қаласында EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрменің мәдени бағдарламасының аясында Астана қаласында өткен этникалық (ұлттар) театрлардың IV Республикалық фестиваліне қатысты. Гетенің «Сцены из Фауста» қойылымымен Наталья Дубс  «Режиссерлік ізденіс үшін» номинациясында жүлдеге ие болды.

Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ағайынды Гриммдер шығармашылығына арналған көрменің ашылуы жоспарланған.

Қазақстан мен Германия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі арасындағы 1994 жылғы 16 желтоқсанда Алматы қаласында қол қойылған мәдени ынтымақтастық туралы келісімнің негізінде дамып келеді.

Өзгерту: 13.12.2017