Министрліктің жаңалықтары

26.12.2017

Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті  

26 желтоқсан, 2017. Мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, жазушы, ғалым, қоғамдық кеңес төрағасы Мырзатай Жолдасбекұлы Жолдасбековтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жанындағы Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Аталған отырыста Қоғамдық кеңестің 2017 жылдағы қызметінің нәтижелері талқыланды және Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің құрамына өзгерістер енгізілді.

Отырыс жұмысына Қоғамдық кеңестің мүшелері және Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Қоғамдық кеңестің төрағасы М. Жолдасбеков, жалпы Мәдениет және спорт мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің жұмысын қанағаттанарлық деп саналғанын және Кеңестің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті.

Сонымен қатар, отырысқа қатысушылармен «Рухани жаңғыру» бағдарламаны іске асыру аясында өткізілетін іс-шаралардың және Астанамыздың 20 – жылдығын өткізу бойынша дайындығын қамтитын Кешенді бағдарламасының маңыздылығы атап өтілді.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің пікірінше, қоғамдық сананы жаңғырту бойынша Елбасының бағдарламалық мақаласын тиімді іске асыру Қазақстанның киелі жерлерінің мәдени-географиялық белдеуін құруға мүмкіндік береді және символдық қорғау мен қазақстандықтардың мақтаныш көзіне айналады, біздің отандық мәдениетті қазіргі заманғы мәдени өнімдерді және БҰҰ-ның барлық тілдерін пайдаланушылардың көп тұтынушылары бар дамыған елдердің нарығында қазақстандық мәдени әлеуетін кеңінен ілгерілету және дәріптеу арқасында танымал болады.

Осыған байланысты, мәдениет, дене шынықтыру және спорт, туристік қызмет саласындағы саясатты жүзеге асыруға, қазақстандықтардың мемлекеттік тілді және лингвистикалық капиталын дамытуға, еліміздің өңірлерінде ел бірлігін нығайтуға мен Қоғамдық кеңес қызметі туралы БАҚ-та ақпараттық сүйемелдеуді жандандыруға Қоғамдық кеңес мүшелерін және жұртшылық өкілдерін тарту жөнінде жұмысты жалғастыру ұсынылды.

Өзгерту: 27.12.2017