Министрліктің жаңалықтары

28.12.2017

Ыстанбұлда Болат Аюхановтың би театры өнер көрсетті

Халық әртісі Болат Аюхановтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры Түркиядағы Стамбул қаласында өнер көрсетті. Театрдың гастрольдік сапары «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілді. Іс шараның басты міндеттерінің бірі - жаһандық әлемдегі заманауи қазақ мәдениетін таныстыру және Түркия Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы мәдени байланыстарды нығайту болып табылады.

Бағдарлама аясында А. Бородин әуеніне «Половецкие пляски у хана Кончака»; М. Равеля әуеніне «Болеро»; Ж.Бизе және Р.Щедрина әуендерінің сүйемелдеуімен «Кармен-сюита» балеті; И. Корнелюка әуеніне «Сон Маргариты» биі сахналанды.

Концерттің алдында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің жетекшілігімен, түрік мәдениетінің даму қорының жетекшілері, Түркиядағы бүкіләлемдік фольклор қауымдастығының өкілдері, Қазақстанның кәсіпкерлер қауымдастығы, Түркиядағы қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесу өтті.

Өзгерту: 28.12.2017