Министрліктің жаңалықтары

07.02.2018

«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

«Қазақфильм» сценарийлер конкурсын жариялайды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі көркем фильмдер сценарийлеріне конкурс жариялайды. Конкурстық жұмыстар 07.02.2018 мен 07.05. 2018 аралығында қабылданады және сценарийлерді еліміздің танымал кинематографистері іріктейді.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ қарасты «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі қысқаметрлі сценарийлер конкурсына жұмыстарды төмендегі шарттар бойынша қабылдайды:

– Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары қатыса алады;

– Ұсынымдарды қабылдау мерзімі – 07.02.2018 мен 07.05.2018 аралығы;

–  Конкурсқа қысқаметражды көркем фильмдерге арналған сценарий немесе әдеби шығарма негізінде қазақ не орыс тілдерінде, 5-20 бет көлемінде жазылған сценарийлер (бір немесе бірнеше авторлар бірлесе жазған)қабылданады.

– Салалық білімі бар немесе киноға жақын сала бойынша білімі болғаны абзал;

  • Конкурсқа жолданатын ұсыным тәртібі:
  • Автор туралы қысқа ақпарат және оның осыған дейін жасаған жұмыстары (2 бетке дейін);
  • Аннотация (500 белгіге дейін);
  • Синопсис (3000-4000 беліге дейін);

Конкурстық жұмыстарды үш айдың көлемінде debut@kazakhfilmstudios.kz  электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық-өндірістік бірлестігі конкурсқа қабылданған сценарийлердің өндіріске жіберілетініне кепіл бермейді және комиссия мүшелері сценарий авторларымен байланысқа шықпайды.

Телефон:  + 7 727 313 11 35

  • Сценарийде төмендегі мазмұндағы сахналар болмауы тиіс: конституциялық құрылымды күштеп өзгертуді үгіттеу немесе насихаттау; Республиканың тұтастығын бұзу; мемлекет қауіпсіздігіне зиянкестік жасау; әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулық үстемдікті, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты үгіттеу немесе насихаттау көріністері, сонымен қатар порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы көріністер.
Өзгерту: 07.02.2018