Министрліктің жаңалықтары

13.03.2018

Астанада музыка өнері жөніндегі көркемдік кеңестің кезекті отырысы өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханада Музыка өнері жөніндегі көркемдік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Жоламанов Әбіл Тауфикұлы төрағалық етті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, көркемдік кеңестің мүшелері, еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері, Астана, Алматы қалалары мен облыстардың мәдениет басқармаларының басшылары және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты республикалық ұйымдарының директорлары қатысты.

Отырыс барысында концерттік қызметті лицензиялау, камералық музыка, оның осал тұстары мен дамуы, Қазақстандағы концерттік-гастрольдік қызметінің жалпы өзекті мәселелері және т.б. мәселелер талқыланды.

Күн тәртібіне сәйкес «Эстрадалық концерт қызметі» мәселесі бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік тұрақты комитетінің хатшысы Сәрсенбай Құрманұлы Еңсегенов өз пікірін білдірді.

«Концерттік қызметті лицензиялау» мәселесі бойынша келесі сөз кезегі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Маемиров Асхат Максимұлына берілді.

Сондай-ақ, «Қазақстанның камералық музыкасы: осал тұстары және оның дамуы» мәселесі туралы «Қазақстан Камератасы» классикалық ансамблінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрзабекова Гаухар Құрманбекқызы айтты.

Сонымен қатар, «Қазақстандағы концерттік-гастрольдік қызметінің өзекті мәселелері» бойынша «Қазақконцерт» республикалық мекемесінің директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жеңіс Сейдоллаұлы өз пікірін білдірді.

Әбіл Тауфикұлы отырысты қорытындылай келе жылдың басты оқиғасы болып ерекше мерейтойымыз – Тәуелсіз Қазақстанның символы, оның басты жетістігі, Астананың 20 жылдығы екендігін атап өтті.

Директордың орынбасары еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асырылуына және еліміздің мәдениеті мен өнерінің алдағы уақытта дамуына елеулі үлестерін қосады деген сенім білдірді. Отырыс соңында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының орынбасары Әбіл Тауфикұлы отырыс қатысушыларына зор денсаулық, шығармашылық табыстар мен отбасылық игіліктер тіледі.

Өзгерту: 13.03.2018