Министрліктің жаңалықтары

27.03.2018

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас хатшысын қабылдады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы БҰҰ-ның Дүниежүзілік Туристік Ұйымының Бас хатшысын қабылдады

Қазақстанға ресми сапармен БҰҰ-ның Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас хатшысы (UNWTO) Зураб Пололикашвили келді.

Сапар аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Дүниежүзілік Туристік Ұйым UNWTO-мен Қазақстан Республикасы арасындағы туризмді дамытуға байланысты кең көлемді мәселелер талқыланды.

«Зураба Пололикашвили мырзаның Дүниежүзілік Туристік Ұйымның Бас хатшылығы қызметіне орналасқандағы алғашқы ресми сапарында Қазақстанға келуі елімізге деген ерекше ықыласты білдіреді, бұл Туризм Ұйымы (UNWTO) Қазақстандағы туризмді дамытуға жәрдемдеседі» - деп сенім білдірді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Зураба Пололикашвилидің айтуынша соңғы уақытта Қазақстан жер-жерлерде туризмді дамытуға арналған глобальдық реформалар және құрылыс шарттарын жасау жөнінде үлкен жұмыс атқарды: «Қазақстанның болашағы - бұл туризм. Бүгін біз көріп отырмыз, бұл бағытта мемелекет қарқынды жұмыстар атқарып жатыр. Оның айғағы ретінде былтыр ғана ҚР Үкіметінің қолдауымен «Kazakh Tourism» ұлттық туристтік офисі құрылды».

Сапардың қорытындысы бойынша, Дүниежүзілік Туристік Ұйым UNWTO Бас хатшысы Зураб Пололикашвили Қазақстанның туризмді дамытудың жаңа бастамаларын іске асыруда, атап айтқанда, туризм саласындағы халықаралық инвестициялық форумды өткізуге қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді, ол шетелдік инвесторлардың Қазақстанның туристік жобаларына назарын аударуға және жыл сайынғы «ITB EURASIA» Халықаралық туристік жәрмеңкелерді, «Ұлы Жібек жолы» халықаралық туризм министрлерінің кезекті кездесулерін ұйымдастыруға мүмкіндік беруге атсалысатынын жеткізді.

Сонымен қатар, қазақстандық туризмнің күн тәртібіне Дүниежүзілік Туристік Ұйым UNWTO-ның Алматыдағы бөлімінің қолдауымен Орталық Азия елдері үшін экскурсоводтар мен туроператорларға арналған оқу орталығын құру мәселесі де кіреді.

Қазақстан тарапы Қазақстанның туристік саласын дамытудың жаңа кезеңінде Дүниежүзілік Туристік Ұйым UNWTO-мен одан әрі ынтымақтастыққа үлкен үміт артады.

Өзгерту: 28.03.2018