Министрліктің жаңалықтары

29.03.2018

Халықаралық керемет әзіл фестивалі Қазақстанда

29 наурыз, 2018. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2018 жылғы 1 мамыр күні Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелеу аясында ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі өтеді.

Фестивальдің басты мақсаты мемлекеттер арасындағы мәдени және достық байланысты  нығайту, ұлтаралық бірлік пен төзімділікті сақтау, әртүрлі елдің тәжірибесі және мәдени құндылықтарымен өзара алмасу болып табылады.

Жоба авторы – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген  әртісі, «Қазақ эстрада театры» директоры,  Қазақстандағы әзіл жанрын қалаушыларының бірі, үстіміздегі жылы 25 жылдығын атап өтетін «Бауыржан шоу» әзіл шоуының негізін қалаушысы, профессор Бауыржан Ибрагим.

Фестивальға халықаралық әзіл шоуларының танымал әртістері, өз мемлекеттеріне еңбек сіңірген Бауыржан Ибрагим (Қазақстан), Елена Воробей (Ресей), Карен Аванесян (Армения), Владимир Моисеенко және Владимир Данилец (Украина), Мирзабек Холмедов және Обид Асомов (Өзбекстан), «Большая разница» фестивалінің жеңімпазы Андрей Баринов (Ресей), Абдыбақаз Қадырматов, Борончу Құдайбергенов, Кумондор Абылов, «Аdem Dance» (Қырғызстан), «Мунча Ташы» (Татарстан), «Бауыржан шоу», «Тамаша», «Шаншар», «Терісқақпай», «Екі езу», «ТТТ» және т.б. театрлар қатысады.

Дәстүрге айналған эксклюзивті «Бауыржан Fest» фестивалі өз көрерменін тапты. Халықаралық әзіл мерекесі, шығармашылығымен біріктіре отырып, жасы мен кәсібі әртүрлі, әзілсүйгіштік сезімді және қоршаған ортаға жылы көзбен қарайтын жандарды бір шаңырақ астына жинады.

Қазақстанның мақтанышы – үміт пен ең батыл идеялар мен талпыныстар іске асырылатын қала, сонымен қатар біздің қаламыз – Астана туралы шетел қонақтарының сөзбен жеткізе алмайтын эмоциялары әзіл арқылы көрсетілген.

Қазақстан халқы достығы мен бірлігі күні өтетін ІІ Халықаралық «Бауыржан Fest» әзіл фестивалі ұйымдастырушылар пікірі бойынша жарқын оқиғаға айналады.

Өзгерту: 29.03.2018