Министрліктің жаңалықтары

10.04.2018

Қазақ Ұлттық өнер университеті Иорданияда өнер көрсетті

Хусейн Королінің Мәдениет Орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева және ҚазҰӨУ студенттерінің қатысуымен концерт болып өтті.

ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева маэстро Айдар Торыбаев басқаратын Қазақ ұлттық өнер университетінің симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен өнер көрсетті.

«Иордания Корольдік Музыка академиясымен ынтымақтастық үш жыл бұрын меморандумға қол қоюдан бастау алды. Иордания Хашимит Корольдігі Хусейн Королі Қорының Ұлттық музыкалық консерваториясының ректоры Мұхаммед Сидик өзі музыкант, дирижер әрі композитор екендігін зор ілтипатпен атап өтудемін. Өткен жылы ол Астанаға келіп біздің студенттік оркестрмен бірге жұмыс істеді. Бүгінгі таңда меморандумды дамыту шеңберінде біз де Иорданияға келіп, Хусейн Королі атындағы концерт залының үздік алаңында өнер көрсету абыройына ие болып отырмыз. Іссапарымыздың Қазақстан мен Иордания арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығы, сондай-ақ елордамыз Астана мен ҚазҰӨУ-інің 20 жылдығын атап өту шеңберінде өтіп жатқаны біз үшін ерекше қуаныш. Осылайша, бұл ірі оқиғалардың барлығы осы концерт мен мәдени сапар барысында көрініс тапты. Музыканттарымыз мен студенттерді көрермендер ыстық ықыласпен және шынайы ілтипатпен қарсы алғанына өте ризамын. Біздің концертіміз өте қызықты, әсем әуендерге толы болды, себебі оған тек студенттер ғана емес, сонымен бірге Иорданияның музыканттары да қатысқан болатын. Сидик мырзаның бұл концертке арнап шығармаларын жазғаны, сондай-ақ дирижер ретінде өнер көрсеткені де өте маңызды жайт. Бұл әсерлі әрі ұмытылмас сәттердің бірі болды. Студенттер Шығыстың ғажайып әлемі мен араб музыкасының сиқырын сезінді... Бұл жалпы концертке ерекше бір рух берді. Біз осындай баянды ынтымақтастыққа өте ризамыз, себебі қос елдің мәдениеті, музыкасын түсіну аясын кеңейтеді, әрине біз үлкен шабыт алдық! Көрермендер шынайы классикалық музыканы түсініп, музыканттардың кәсіпқойлығын сезінетініне қуаныштымын. Менің ойымша, концертті бүгін тамашалаған көрермендер, дипломатия және билік өкілдері ерекше әсер алды» - деді керемет өнер көрсетуден кейін Айман Мұсақожаева.

Концерт  бағдарламасында қазақтың танымал ұлттық шығармалары, атап айтқанда Е.Рахмадиевтің «Құдаша Думан», «Күй шашуы», Р.Абдысагиннің  «Aftersounds of Romanticism» шығармасы, Л. Хамидидің «Казақ Вальсі», сондай-ақ П.Чайковский, Дж. Россининің әлемдік классикасының үздік шығармалары және т.б. орындалды.

Король отбасының мүшесі Шарифа Хент Насер ханым: «Бүгін мен таңғажайып, керемет концертті тамашаладым. Маған өте ұнады, концерттен ерекше әсер алдым. Біздің Короліміз және сіздің Президент қос ел арасындағы достастық пен ынтымақтастықты үнемі жалғастыруда, мәдениет пен дәстүрлерімізді бөлісудің мүмкіншілігіне өте ризамын. Болашақта елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ халықтардың мәдени мен рухани құндылықтармен алмасамыз деген ойдамын» - деп сөз сөйледі.

«Бұл тамаша концерт болды, ҚР елшілігінің мәдени іс-шаралары өте қызықты, әрдайым қатысуға тырысамын. Астана қаласында ЭКСПО2017 көрмесіне қатысу сәті түсті, сондықтан Қазақстан туралы жақсы білемін. Біз Қазақстан Республикасы мен Корольдік арасындағы екі жақты мәдени байланыстардың дамуын шын жүректен қолдаймыз. 2005 жылы Астана мен Амман арасындағы келісімге қол қойылғанын есіме түсірдім. Бұл іс-шара Король және Қазақстан Президентінің қамқорлығымен өтті. Болашақта екі жақты қарым-қатынастардың, атап айтқанда екі елорда арасындағы ынтымақтастықтың дамуына тілектеспіз. Биыл елордамыз Амман қаласында «Астана» атты көшенің ресми ашылуы жоспарланып отыр. Амман қаласының басқармасы атынан екі бауырлас халықты дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығымен құттықтаймыз. Мәдени ынтымақтастық тұрғысынан бүгін музыкалық ұжымдарының алмасуы өтіп жатыр, бұл екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың нығаюына зор септігін тигізеді» - деп атап өтті Амман қаласы әкімінің орынбасары Ибрахим Хрейс мырза.

Мәдени сапар бағдарламасы шеңберінде, «Джераш» тарихи-мәдени кешенінде Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрінің жарқын флешмобы, сондай-ақ Король Хусейн атындағы Мәдениет орталығының залында (Ирбит, Иордания) концерт өтті. Сонымен қатар, Қазақстан мен Иордания (Амман) арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына орай ҚазҰӨУ музыканттарының ресми қабылдауға қатысуы жоспарлануда (Амман қ.).

Концертке Қазақ ұлттық өнер университетінің Еуразиялық симфониялық оркестрі, Скрипкашылар ансамблі, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, ҚазҰӨУ оқытушылары мен студенттері қатысты.

Концерт Қазақ ұлттық өнер университеті мен Король Хуссейн қорының Ұлттық музыка консерваториясы арасындағы бұрын қол қойылған меморандум аясында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Иорданиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Өзгерту: 10.04.2018