Министрліктің жаңалықтары

11.05.2018

Ұлытауда «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау: халықаралық тәжірибе және келешек»

2018 жылы мамырдың 5-9 аралығында Қарағанды облысы Ұлытау ауылындағы «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайында дәстүрлі «Терісаққан көктемі» фестивалі аясында «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау: халықаралық тәжірибе және келешек» атты семинар  өткізілді. 

Семинар ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен ҚР ИСЕСКО және ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия жанындағы Материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитетінің эгидасында, «Ұлытау» ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы ұйымдастыруымен өткізілді.

Семинар барысында Қазақстандағы материалдық емес мәдени мұраны түгендеу және сақтау саласында қорық-мұражайлар жұмысының маңыздылығын арттыруға қатысты бірнеше мәселелері талқыланды. Жалпы семинар ғылыми білім беру және танымдық сипатта болды. Сондықтан онда  ғылыми және методикалық сауалдар, материалдық емес мәдениетті насихаттау және дамыту, сақтау саласындағы практикалық жетістіктер мен осы процестегі қорық-мұражайлардың атқарған жұмыстары да сөз болды. Сонымен қатар, мұражай жұмысы аясында материалдық емес мұраны тіркеуді дамыту жолдары анықталды. Оған Қазақстан және Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан елдерінің мәдениет саласының қызметкерлері, материалдық емес мәдени мұра бойынша ЮНЕСКО-ның сертификаттары бар сарапшы-фасилитаторлары қатысты. Семинар нәтижесінде және жұмыс тәжірибесін талқылау барысында қорытынды жасалынды, сондай-ақ семинарға қатысушылардын болашақтағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық әрекеттері жайлы және алынған аналитикалық материалдарды практикалық қолдану, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Өзгерту: 15.05.2018