Министрліктің жаңалықтары

16.05.2018

71 халықаралық Канн кинофестивалінде Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды

71 халықаралық Канн кинофестивалінде Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды

16 мамыр, 2018. Канн фестиваліндегі Ұлттық Павильонның жұмысы және қазақстандық делегация туралы ақпарат беру мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына «Еуразия» ХКФ Президенті, ҚазҰӨУ ректоры, Қазақстанның Халық әртісі Айман Мұсақожаева, ҚазҰӨУ «Театр, кино және телевидение» кафедрасының деканы, профессор Сәулебек Асылхан, ҚазҰӨУ «Театр, кино және телевидение» кафедрасының меңгерушісі Талғат Тайшанов қатысты.

Халықаралық Канн кинофестивалі 2018 жылдың 8-мамыр күні ашылды және мамырдың 19-дейін өз жұмысын жалғастырады.  Беделді кинофорумның салтанатты ашылуы өткен күні Қазақстан ұлттық павильоны ресми түрде ашылып, ондағы көрмеге қазақ киносының соңғы картиналары мен жастардың жаңа туындылары қойылды. 

Кинорынокта ашылған барлығы 230 павильон болса, соның  арасында отандық павильон өз туындыларын  деңгейлі ұсынып отыр. National Showcase отандық жаңа фильмдердің презентациясында картиналардың авторларымен кездесу, трейлер көрсету іс-шаралары өтті.

Отандық презентациялық алаң «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау, Астана мен ҚазҰӨУ 20-жылдығын атап өту аясында іске асып отыр.  Сонымен қатар, павильонда атқарылатын маңызды шаралардың бірі - биыл шілденің 1 мен 5 күндері Астанада өтетін Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің презентациясын өткізу болып табылады.

Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі   ̶ 1998 жылы Қазақстанда негізі қаланып,  FIAPF (Халықаралық кинопродюсерлер қауымдастығы федерациясы) аккредитациясынан өткен және беделді британдық International FilmGuide басылымы әлемнің 35 танымал кинофестивальдер қатарына енгізген фестиваль. Ұлттық Павильонда «Еуразия» кинофестивалінің әкімшілік басқару тобы кинофестивальдің қазылар алқасы мүшелерін таныстырып, отандық киножобалардың рыногын өткізіп оларды тарату бойынша дистрибьютерлік компаниялармен кездесу өткізеді.

71-ші Халықаралық айтулы кинофестивальдегі ұлттық павильонның жұмыс істеуі еліміздің киноөндіретін ел екендігін дәлелдеп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және отандық киноөндірушілердің шетелдік компаниялармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттырады және еліміздің имиджін көтереді. Канн кинофестивалі аясында өткен қазақ кешінде «Академия солистов» мемлекеттік камерлік оркестрінің сүйемелдеуімен танымал скрипкашы, Қазақстанның Халық артисі Айман Мұсақожаева мен Димаш Құдайберген және басқа да артистер өнер көрсетті. 

Делегация құрамында мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, шығармашылық интеллегенция, Қазақстан киносы мен телевизиясының белді азаматтары және Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері бар.

«Қазақстанның ұлттық павильоны» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен іске асып отыр.

Ақпарат үшін: ежыл сайын отандық «Қазақфильм» кинофабрикасы 20-дан астам фильм өндірсе, жеке меншік студиялар 30 картина түсіреді. Отандық көрермендер бүгінде кинотеатрларда ұсынылған қазақстандық фильмдерге ден қояды (15%).

Отандық жаңа фильмдердің презентациясында трейлері көрсетілген Асанәлі Әшімов басты рөлді сомдайтын, режиссер Хуат Ахметовтың «Аруақ» картинасы Канн кинофестивалінің қонақтары, қаланың басшылығы және фестивальдің кинокомиссиясы ерекше қызығушылық танытты.  Сондай-ақ, көрмеге Болат Қалымбетовтың «Талан», Ермек Тұрсыновтың «Киномеханик», Джеф Веспаның «Әміре» және басқа да  фильмдер қойылған.

Айта кетелік, былтыр Ұлттық Павильонда көрмеге қойылған режиссер Ерлан Нұрмұхамбетовтың «Барымта» жобасы бүгінде  «Қазақфильм» киностудиясы мен жапониялық «Tokyo New Cinema» кинокомпанияларының қолдауымен өндірілмек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Канн кинофестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасында еліміздің кинематографистері жеңімпаз атанған. 1998 жылы Дәрежан Өмірбаев «Киллер» фильмімен және 2008 жылы Сергей Дворцевой «Тюлпан» фильмімен басты жүлделерге ие болған. 

 

Өзгерту: 16.05.2018