Министрліктің жаңалықтары

14.05.2018

Бүкілресейлік кинематография институты 100 жылдық мерейтойын Қазақстанда атап өтуде

Бүкілресейлік Кинематография Институты 100 жылдық мерейтойын Қазақстанда атап өтуді бастады.

Астанаға С.А. Герасимов атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография интситутының (БМКИ) басшылығы, профессорлық құрамы, сондай-ақ ең дарынды студенттерінен құрылған шығармашылық тобы келді.

Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында инситуттың басшылығымен бірігіп баспасөз отырысы өтті.   

БМКИ-дің шетелге алғашқы шығуының бірі Қазақстан болып отыр. Аталмыш шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен БМКИ-дің 100 жылдық мерейтойын бір апта Қазақстанда арнайы атап өтпек.

«Кинематография саласындағы ең беделді университеттің Қазақстанда мерейтойын атап өту біз үшін үлкен абырой. Бізді көп дүние байланыстырады. Еліміздің көптеген бетке ұстар өнер майталмандары осы университеттің түлектері. Бұған қоса, Қазақстан тарихынан білесіздер, 1940 жылдары БМКИ-ді Қазақстанға көшірді, ол кезде де өте қарқынды бірігіп жұмыс жасаған», - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

БМКИ өз мерейтойын 2019 жылы атап өтеді, дегенмен оған дайындық осы күнде толық жасалуда. Институт Ресейде ғана емес, шетелде де мәдени-ағартушылық, білім беру мен ғылыми іс-шараларын өткізеді.

БМКИ ректоры Владимир Малышев атап өткендей, институт басқа шет елдерге қарағанда Қазақстанмен өте тығыз қарым-қатынаста.

«БМКИ Қазақстанға бірінші рет келіп отырған жоқ. Тіпті БМКИ бұл жерде соғыс кезінде жәй ғана 2 жыл қоныстанбады, бірігіп, ауызбіршілікпен тату-тәтті жұмыс істеді. Біздің ардагер-ұстаздарымыздың айтуынша, қазақстандықтар сол бір қиын заманда нандарымен бөлісіп, қолдарынан келген көмектерін аямаған», - деді Малышев.

Сонымен қатар, инситут ректоры Ресей мен Қазақстанның аға буынының тығыз байланысы бар екенін, енді екі елдің киноөндірушілерінің жаңа ұрпағын таныстыру қажет екенін айтты, себебі олар ортақ шығармашылық болашаққа ие.

«Екі елдің арасындағы татулықты жалғастыра отырып, осындай мүмкіндікке қолдау білдірген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, нақтырақ айтатын болсам, министр Арыстанбек Мұхамедиұлы. Осыған дейін, Президент әкімшілігінің басшысы – Әділбек Жақсыбековпен кездесу болды. Осы кездесу барысында қазақстандықтардың қаншалықты қонақжай екеніне көз жеткіздік және мәдениет саласындағы іс-шаралардың санын көбейтуге мүмкіндік бергеніне дән риза болдық», - деді Малышев.

Осы сапар барысында бірнеше іс-шаралар жоспарлануда. Мысалы, институттың ең дарынды студенттері астаналық және алматылық көрермендер үшін: «Евгений Онегин», «Много шума из ничего» және «Говорящий немой» атты үш спектакль ұсынады. Профессорлық құрам кәсіби қазақстандық жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін режиссура, анимация, сахналық қозғалыс, бейнелеу өнері бойынша шеберлік сыныптарын өткізеді.

БМКИ шеберлері шеберлік сабақтарының бірінші күні «үлкен қуанышпен» қабылданғанын айтты.

«Бүгін біз Татьяна Яковлевамен бірігіп шеберлік сыныбын бастадық, сондағы екі сағат қалай өткенін сезбейде қалдық. Семинар барысында біздің шығармалардың қыр-сырын, ерекшелігін көрсеттік, сонымен қатар қазақстандық студенттерден де өздерін көрсетуін сұрадық, себебі – бұл өте маңызды тәжірибе алмасу болып табылады.

Барлығымыз үшін Қазақстан – туған өлкеміздей. Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетімен, Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер академиясымен тамаша қарым-қатынас орнатылды, ол жерде де біршама іс-шаралар ұйымдастырылуда», - дейді актер, режиссер және БМКИ-ның оқытушысы Владимир Хотиненко.

Оның сөздерін Ресейдің халық әртісі Вадим Абдрашитов, сондай-ақ Қазақстан мен Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Аринбасарова  да қолдап, олар үшін Қазақстанға келу, одан қала осында дәріс беру үлкен абырой әрі жауапты іс деп қостады. 

Айта кетейік, Ресейлік әртістердің қатысуымен өтетін Астана мен Алматы қалаларындағы қойылымдарға билеттер мүлде қалмаған.

Өзгерту: 16.05.2018