Министрліктің жаңалықтары

12.06.2018

Мәдениет және спорт министрлігінде Әдеп кодексінің талаптары түсіндірілді

12 маусым, 2018. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін түсіндіру, мемлекеттiк қызметшiлердiң моральдық-адамгершiлік бейнесiне және iскерлiк қасиеттеріне қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында шара өткізілді.

Отырысқа ҚР МСМ жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев, Әдеп жөніндегі уәкілі Еренай Дәржібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаментінің директоры Равиль Тюлебаев, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық комитеті» РҚҚ президенті Мұсағали Дуамбеков, Мемлекеттік басқару академиясының Жобалау менеджментті дамыту орталығының басшысы Жанар Тайжанова, ведомства мен бағынысты ұйымдар қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында әрбір мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсай отырып, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет ету, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдау қажеттігі айтылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент директоры Равиль Тюлебаев ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі мен «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты нұсқаулығында көрсетілген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық жағдайларын, өздерінің функционалдық міндеттерін дұрыс сақтау жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы халық комитеті» республикалық қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын  сақтау жөнінде түсіндіріп өтті.

Аталған іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге моральдық-адамгершілік талаптарын түсіндіру, олардың қоғамдағы рөлін, беделін нығайту және оларға азаматтардың сенімін арттыру сияқты түпкілікті мақсаттарға қол жеткізілді.

Өзгерту: 14.06.2018