Министрліктің жаңалықтары

14.06.2018

Бакуде әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың таныстырылымы өтті

Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында Махмұт Қасымбековтің әзербайжан тілінде жарық көрген «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» атты кітаптың таныстырылымы өтті.

Салтанатты іс-шара алдағы Қазақстан астанасының 20 жылдығына арналған.

Таныстырылымдағы Қазақстанның өкілетті делегация құрамында кітаптың авторы ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұт Қасымбеков; ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы; ҚР Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Исабаев; Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі; Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов және тағы басқалар қатысты.

Әзербайжан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң Басшысы Рамиз Мехтиев кітаптың тұсаукесер рәсімінің қарсаңында қазақстандық делегацияны қабылдады. Делегация мүшелері ұйымдастырылған қабылдауы үшін алғыс айтып, өз тарапынан Әзербайжан Демократиялық Республикасының 100-жылдығымен және Гейдар Әлиевтің 95 жылдығымен құттықтады.

Тұсаукесер рәсімі Әзербайжанның жетекші ғылыми және мәдени-білім беру орталықтарының бірі – Гейдар Әлиев орталығында өтті. Ол 2006 жылы әзербайжан халқының ұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиевтың идеологиясы мен мемлекет құрылысының философиясын іргелі зерттеу үшін, сонымен бірге әзербайжан тілін, мәдени, ұлттық және рухани құндылықтарын жан-жақты дамыту мақсатымен құрылған.

Тұсау кесер рәсімінде Әзербайжан Республикасы Президентінің көмекшісі Әли Гасанов, Әзербайжан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгi Қоғамдық-саяси мәсеселер жөніндегі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Таир Сулейманов, Әзербайжан Ғылым Академиясының президенті Акиф Ализаде, Әзербайжан Милли Мәжілісінің депутаты Джаваншир Фейзиев, Әзербайжан Республикасының ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов, Гейдар Әлиев орталығының директоры Анар Алакбаров, кітап аудармашысы Аида Эйвазова, шетелдік дипломаттар, мәдениет және ғылым өкілдері, сарапшылар, журналистер, студенттер қатысты.

Қазақстанның көшбасшысы туралы жазылған өмірбаяндық кітабы тыңдаушылармен жылы жүзбен бағаланды. Іс-шара қатысушыларының ортақ пікірі бойынша, кітаптың әзербайжан тіліндегі басылымы екі ел арасындағы рухани-мәдени байланыстардың нығайтуына лайықты үлес қосады.

Осы кітап 11 шетелдік басылымы ретінде шықты. Осыған дейін ол ағылшын, неміс, француз, қытай, араб, венгр, түрік, дари, серб, кәріс тілдерінде шыққан. Кітап Гейдар Әлиев орталығы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің кітапханасы және Халықаралық түркі академиясы арасындағы ынтымақтастығының арқасында шығарылды.

Өзгерту: 14.06.2018