Министрліктің жаңалықтары

02.07.2018

 «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің қызметіндегі жетістіктер туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ел ішінде және шетелдерде ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен таныстыруға бағытталған тарихи-мәдени мұра саласындағы жобалар мен бағдарламалардың белсенді ұйымдастырушысы ретінде көрсетіп келеді.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі еліміздің ұлттық брендіне айналған бірегей артефакт – «Алтын адам» табылған жерде орналасқан, еліміздің ең жас қорық-музейлерінің бірі болып табылады. Қысқа мерзім ішінде қорық-музей аккредиттелген ғылыми-техникалық қызметтің субъекті ретінде танылып, Қазақстан аумағында археологиялық зерттеулерді іске асыруға рұқсат беретін лицензияға да ие болды. Қазіргі таңда қорық-музей өзінің қорғау аумағындағы Рахат, Өрікті қалашықтарын, Есік қорымдарын және Райымбек, Ұйғыр, Панфилов және Жансүгіров аудандарындағы Есік, Түрген өзендерінің жоғарғы ағысынан, Кетпен шатқалынан табылған ерте темір дәуірінің бірегей петроглифтерін зерттеу жұмыстарына мүмкіндік беретін «Есік қорымы және Жетісу сақтарының мәдениеті», «Жетісу сақтарының идеологиясы мен мифологиясы» сынды екі бірдей ғылыми жобаны жүзеге асыруда.

Музейдің ғылыми жобалары Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама сарапшылары және Ұлттық ғылыми кеңес ғалымдары тарапынан оң ғылыми бағаға ие болған.

Музей әкімшілігі Дания, Венгрия, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикалары ғалымдарымен әріптестікті жолға қоя отырып, жыл сайын оң нәтиже беріп келе жатқан біріккен жұмыстар жүргізуде.

Жыл сайын отандық басылымдарға қоса (2017 жылы 64 мақала) шетелдік «Science» және «Nature» сынды халықаралық беделді журналдарда да жарияланымдар саны өсе түсуде. «Алтын адамның ашылу тарихы мен зерттелуі: аңыз бен ақиқат» атты жоба аясында «Алтын адамның» қаңқа сүйектері табылып, «Алтын адамның құпиясы» атты жинақ (орыс тілінде) жарық көрді.

Бүгінгі таңда қорық-музей ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік тарихи-мәдени мұра ескерткіші тізіміне кірген «Талғар қалашығын» басқарушы ұйым ретінде бекітілген.

Осы орайда, Музей әкімшілігіне халықаралық маңыздағы ескерткіштің инфрақұрылымын құру бойынша жауапкершілігі зор маңызды миссия артылған.

Музей өз миссиясын орындау бағытындағы алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруды Талғар қалашығын өз теңгеріміне тіркеу  жұмыстарынан бастады және осы орайда Бүкіләлемдік мұраны басқару және ғылыми орталық болып табылады.

Бұл оқиғаны төменде беріліп отырған Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 06-330 қаулысымен тіркелген «ТҰРАҚТЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУ АКТІСІ» растайды.

Акт

Өзгерту: 02.07.2018