Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Алтынай Асылмұратова Елорда тұрғындары мен қонақтарына гала-концертін арнайды
12.11.2015

Алтынай Асылмұратова Елорда тұрғындары мен қонақтарына гала-концертін арнайды

 

12 қараша, 2015. Астана. «Астана Опера» театрында, Ресейдің Халық әртісі Алтынай Асылмұратованың атымен көпшілікке танымал болған балеттік «гала» өтетін күн жақын қалды. Балеттік труппаның көркемдік жетекшісі 13 қарашада астаналық көрерменнің назарына классикалық және қазіргі заманғы нөмірлерден тұратын жаңа бағдарлама ұсынады.

— Репертуарымызды классикалық па-де-деден және па-де-систен басқа қазіргі заманғы дүниелермен толықтырғымыз келеді. Бұл қашанда тәуекелді қадам, дегенмен бұл өзін-өзі ақтайтын тәуекел деп ойлаймын. Біріншіден, мұндай галабалеттер әртістерді шығармашылыққа жетелейді, екіншіден, жаңа номерлерді тамашалаған әрқашан қызық. Жұмыс үздіксіз жүріп жатыр: әртістер дәріс алып, көп дайындалып, алдарына қойған міндеттеріне қол жеткізуде. Нәтижесінде, көрермен назары жас өнерпаздарға, айқын сахналық қойылымдарға әрі жаңа костюмдерге ауатыны анық, — дейді Алтынай Асылмұратова.

Қоюшы хореограф сондай-ақ, бағдарламаға заманауи нөмірлерді біртіндеп енгізе отырып, жақын күндері қазіргі заманғы балеттің тұтас бір кешін өткізуге болатынын атап өтті. Мұнымен қатар көркемдік жетекші солисттердің өз орындауларындағы хореографиялық нөмірлерді көрсетудің маңыздылығын айта кетті. Осы кеште Гүлнар Адамованың хореографиясындағы Руслан Қараның қызықты этникалық хореографиялық «Бақсы» композициясын халықаралық байқаулардың лауреаты, халықаралық және республикалық сыйлықтардың иегері Досжан Табылды өз редакциясында ұсынады.

Кәсіби биші, хореограф, ұстаз, Шведтік Корольдіктің балет мектебінде білім алған Ксения Зверева осы концертте екі жұмысын: Дж. Вильямстің «Жоғалған жұмағын» және Ф. Шуберттің Скерцосын паш етеді.Аталған номерлерді қою үшін хореограф арнайы шақырылған еді, онда жетекші солист ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Гауһар Усина және балет әртісі Жәнібек Иманқұлов, сонымен қатар халықаралық байқаулардың лауреаты Серік Нақыспеков, Мөлдір Шәкімова және Бостан Қожабеков өнер көрсетеді.

Театрдың репертуарындағы Р. Дригоның «Арлекинада», А. Дворжактың «Әуен», Ц. Пунидің «Маркитантка» сияқты танымал балеттерінің жаңа нөмірлері көпшіліктің сүйіктісіне айналған П. Чайковскийдің «Аққу көлі" балетінен адажио, А. Хачатурянның «Спартак» балетіндегі көрініспен және т. б. кезектеседі.

«Шахерезада» балетіндегі классикалық дуэтті Анастасия Заклинская (Мариинский театры) және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жандос Әубәкіров орындайды. Концертке сонымен қатар, ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Мәдина Баспаева және Тайыр Гатауов, халықаралық байқаулардың лауреаттары Әйгерім Бекетаева, Бақтияр Адамжан, Әсел Құсайынова, Елдар Сәрсембаев және балет әртістері Марат Әбдірахманов, Наталья Кондя, Елена Семенова, Айдыс Саая, Айша Қалдыбекова қатысады.

.