Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

ОКҚ-де мемлекеттік рәміздер туралы заңына егізілген өзгерістер жөнінде айтылды
27.11.2015

ОКҚ-де мемлекеттік рәміздер туралы заңына егізілген өзгерістер жөнінде айтылды

 

27 қараша, 2015. Астана. Ү.ж. 29 қарашасында Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңына қол қойды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте сөз етілді.

Мемлекеттік рәміздер туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар жөнінде ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары В. Порубаймех, ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Ғ. Дұғалов, мемлекеттік рәміздер бойынша республикалық комиссияның мүшелері - Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Т. Сүлейменов және ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Ж. Мәлібеков баяндады. 

Заң жобасы Мемлекет Басшысының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде және Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХII сессиясында берілген тапсырмаларының негізінде әзірленді. Заң жобасын дайындаудың негізгі мақсаты патриоттық жұмыстардың әртүрлі нысандары мен ұйымдастыру әдістерін көздейтін «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» ұлт жоспарында белгіленген шараларды іске асыру болып табылады.

Жаңартылған Заңда Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін кеңейту, насихаттау және оларды қолдану жөнінде Үкіметтің және уәкілетті органның құзырын нақтылау, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін атап өтудің ережесін әзірлеу, мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөнінде Сараптамалық кеңес құру, мәселелері қарастырылған.

Заңмен мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесін кеңейту мақсатында мемлекеттік заңды тұлғаларға арналған, сондай-ақ ұлттық компаниялардың, холдингтердің және Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік символикаларға арналған экспозиция үшін үй-жайларында орын бөлу қарастырылған.

Құжатта қамтылған жаңа нормалардың бірі - Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылу қарастырылған. Жалпы, ұсынылып отырған барлық нормалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау жүйесін жаңғыртуға кеңірек бағытталған.

Заң жобасын әзірлеу кезінде Экономикалық әріптестік және даму халықаралық ұйымындағы (ЭӘДҰ) елдерінің тәжірибелері қолданылған. Атап айтқанда Ұлыбритания, АҚШ, Польша елдері.

.