Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатт
30.11.2015

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті

 

30 қараша, 2015. Астана. Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты жиын өтті. Жиын күн тәртібіне Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жаңа Жолдауын талқылау да енді.

1991 жылғы 1 желтоқсан — ел өміріндегі тарихи меже болып табылады. Бұл күні қазақстандықтар өз президентін алғаш рет тікелей сайлау арқылы сайлауға мүмкіндік алды. Жиын қатысушылары айтып кеткендей, бұл тарихи күннен не бары жиырма жылдан астам уақыт өтсе де, Қазақстан бұл уақыт ішінде түбегейлі өзгерді.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Президенттің Қазақстан халқына жаңа Жолдауын ерекше құлшыныспен қарсы алды. Талқылау кезінде әлемдегі тұрақсыз жағдай салдарынан туындап жатқан қиыншылықтарды тек батыл шешімдер мен ел барлық азаматтарының тиімді қызметі арқылы ғана жеңіп шығуға болады.

Ведомстваның мемлекеттік қызметшілері мемлекеттің дамуы мен өркендеуінде басты құрал қоғамның бірлігі мен татулығы екендігі туралы Президенттің пікірін бірауыздан құптады. «Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары, сондай-ақ өзге де маңызды стратегиялық құжаттар сенімді болашағымызды құруда жалпықазақстандық басты құрамдас бөлікке айналуға тиіс.

Отанының өркендеуі жолына барлық күші мен білімдерін арнау, Конституция және ел заңдарының баптарын қатаң қадағалау, Қазақстан халқына адал еңбек ету, мемлекетінің болашағы үшін аянбай қызмет етуге дайындықтың дәлелі ретінде мемлекеттік қызметке алғаш рет жуырда кірген ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы әкімшілік қызметкерлерінің антын қабылдады.

Сонымен қатар салтанатты жиын аясында «Нұр Отан» партиясының бағдарламалық құжаттары мен жобаларын іске асыруға белсене қатысқаны үшін ведомстваның бірқатар қызметшілері алғыс хаттармен марапатталды.

.