Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Түркияда Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт өтті
02.12.2015

Түркияда Тұңғыш Президент күніне орай мерекелік концерт өтті

 

1 желтоқсан, 2015. Анкара (Түркия). Танымал қазақстандық скрипкашы Айман Мұсахаджаева Анкараның ең ірі концерт залындағы концертін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күніне арнады.  

Түркияда Қазақ ұлттық өнер университеті ұжымының гастрольдік сапары басталды. 160 дарынды студенттен тұратын шығармашылық топты ҚазҰӨУ ректоры Айман Мұсахаджаева бастады.

Еуразия симфониялық оркестрі, «Сырлы саз» фольклор ансамблі, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, халық аспаптары оркестрі, «Балауса» би тобы, «Айгөлек» скрипкашылар ансамблінің музыкалық ұжымдары және өзге жас орындаушылар жаңа ірі концерт бағдарламасын дайындады.

Бүгін Анкарада танымал скрипкашы, Әлем Әртісі Айман Мұсахаджаева өзінің дарынды тәрбиеленушілерімен бірге Тұңғыш Президент күніне орай ерекше концерт бағдарламасымен өнер көрсетті.

Концерт басталмас бұрын, көрермендер Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы бейнефильм тамашалады. Мерекелік концерт бағдарламасына «Біржан-Сара» операсынан «Мереке би» биі, домбырашылар ансамблі орындауындағы «Сарыарқа» күйі, «Көзімнің қарасы» және «Ақ сиса» танымал қазақ әндері, «Балдәурен» хореографиялық қойылымы, әйгілі «Қазақ вальсі" (Л. Хамиди), Қазақстан халқы бірлігі туралы «Достық" биі. Фортепиано және симфониялық оркестр үшін «Қазақ рапсодиясын» жас композитор Рахат-Би Әбдісағын орындады.

Концерттің екінші бөлімінде кеш қонақтарына әлемдік классиканың жауһарлары — «Сивильский цирюльник» операсынан Дж. Росинидің «Каватина Фигаро», ҚР Халық әртісі Айман Мұсахаджаеваның орындауындағы К. Сен-Санс «Рондо капричиозо», ҚазҰӨУ-нің «Айгөлек» жас скрипкашылар ансамблінің орындауындағы Пуньяни стиліндегі кіріспесі мен аллегросы ұсынылды.

Анкарадағы мерекелік бағдарлама үлкен сәттілікпен өтті. Көрермендер ұзақ уақыт әртістерге ыстық лебіздерін білдіріп, сахнадан жібермеді.

«Тәуелсіз мемлекетте сүріп жатқандығымызға өте бақыттымыз. Біз, музыканттар, қазақ ұлттық өнерімізді ең жоғары кәсіби деңгейде көрсетуге әрдайым ұмтыламыз. Бұл біздің шығармашылықпен айналысуға, дәріс беру, әлемнің ең абыройлы сахналарында өнер көрсету мүмкіндігі үшін Елбасымызға шексіз алғысымызды білдіреміз», — деді Айман Мұсахаджаева.

Елбасының сындарлы да көреген саясатының арқасында Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында еліміздің әлемдегі абыройы өсті. Ұлттық өнердің халықаралық деңгейде ілгерілеуіне Әлем Әртісі Айман Мұсахаджаева мен Қазақ ұлттық өнер университетінің жас шығармашыл ұжымы үлкен үлес қосуда.

.