Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

«Мәңгілік Ел»/«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға байқау Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Елбасы Жолдауы: жеңу және даму
08.12.2015

Елбасы Жолдауы: жеңу және даму

 

 

8 желтоқсан, 2015. Астана. ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдаулары бүкіл Қазақстан халқы үшін бағдар және мемлекеттік органдар жұмысының нақты нұсқамасы болып табылады, — деп «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының негізгі баптарын түсіндіру бойынша «дөңгелек үстел» қатысушылары ойларымен бөлісті. Шараны «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» Астана қалалық филиалының «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел қатысушылары Елбасының жасалған жұмысқа баға беріп, жаңа жаһандық дағдарыс жағдайындағы жаңа дағдарысқа қарсы шаралар кешені және бес бағыт бойынша құрылымдық жаңғыртуларды жария еткен Жолдауына қолдау білдірді. Бұл маңызды құжат стратегиялық бағыттар мен бас басымдылықтарды, сондай-ақ мемлекеттің алдағы уақыттағы дамуын анықтайды.

Елсияр Қанағатов өз баяндамасында Президенттің жаңа жолдауы бюджет қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту, мемлекет және жеке кәсіпкерлік әріптестігін дамыту, экономикалық өсудің аймақтық драйверлерін құрылымдау, мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру, кіші және орта бизнес, сонымен қатар халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсетуге баса көңіл аударатындығына тоқталып кетті. «Әр қазақстандық, елдің әрбір азаматы Президент Жолдауын іске асыруға белсенд атсалысатын болса, елімізді, бізді, жастар мен болашақ ұрпақтарымызды бақытты да гүлденген болашақ күтеді", — деп қосты Спорт және дене шынықтыру комитетінің төрағасы.

Жолдауды жемісті жүзеге асыруда ел тұрғындарына Н. Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауының басты баптарын уақытылы және қолжетімді түсіндіру маңызды орынға ие. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ақпараттық топтар құрылды.

Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Асылов Қуаныш хабарлағандай, республикалық деңгейде құрылған 16 топтың құрамына атқарушы және өкілдік органдардың өкілдері, саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері кірді. Жергілікті деңгейде 1200 топ жұмыс істейді. «Жұмысымыздың басты бағыттарының бірі - мемлекеттік органдар мен ел азаматтарының арасында жемісті өзара байланысты дамыту, әкімшілік және өзге кедергілерді жою, атқарушы биліктің жағымды имиджін қалыптастыру», — деді Қ. Асылов.

Мәдениет және спорт салаларының өкілдері де жаңа жолдаудың бағдарламалық баптарына қолдау білдірді. Грек-рим күресінен Олимпиада жеңімпазы Юрий Мельниченко және Қазақстан еңбегі сінген қайраткері, композитор Жоламан Тұрсымбаев мәдение, өнер және спорт Елбасының сындарлы саясатын әрдайым құптап жүретіндігін ескертті.

«Қазақстан спорт қауымы жаңа Жолдауды үлкен қызығушылықпен қарсы алды. Спортшылар Елбасы жолдауларын жүзеге асыруды өздерінің басты мақсаты деп біледі. Бұның дәлелі ретінде спортшыларымыздың 205 қатысушы мемлекеттің арасынан 12-ші жалпыкомандалық көрсеткішке қол жеткізе білген Лондондағы Олимпиаданы айта аламыз. Алдымызда тағы да үлкен сын тұр. Спортшыларымыз Риодағы Олимпиада ойындарында бұрынғыдай сәтті өнер көрсетіп, дағдарыстан шығуда қазақстандықтарға моралдьық қолдау көрсету бойынша басты міндетін орындайды деп есептейміз», — деді Ю. Мельниченко.

Отырысқа белсенді қатысқан «Мәдениет» бастауыш партия мүшелері Ұлт көшбасшысының халыққа жолдауын түсіндіру бойынша мемлекеттік және атқарушы органдардың қызметін үйлестіру ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жұмысының басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Ақпараттық-талдамалық орталығының төрағасы Серік Ирсалиев халыққа жолдау институтын алғаш рет 1790 жылы АҚШ президенті енгізгендігін сөз етті. Қазақстанда Президенттің жыл сайынғы халыққа жолдауы туралы ереже Қазақстан Конституциясына 1995 жылы енгізілді.

«Елбасының әр жолдауы — Қазақстан Республикасы дамуы мен өркендеуінің қозғаушы күші. Барлық мемлекеттік органдар оның жасалуына белсенді атсалысса, ел азаматтары оған үлкен үміт артып, аса қызығушылықпен күтеді", — деп қосты ол.

.