Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Қазақстан Ұлттық музейіне Жеңіс туының көшірмесі тапсырылды
09.12.2015

Қазақстан Ұлттық музейіне Жеңіс туының көшірмесі тапсырылды

 

9 желтоқсан, 2015. Астана. Бүгін Қазақстан РеспубликасыҰлттық музейінде «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында жиналған жәдігерлерден құралған көрме ашылды. Салтанатты шарада Жеңіс туының көшірмесін музейге тапсыру рәсімі де өтті.

Жеңіс туының көшірмесін музейге тапсыру Ұлы Жеңістің 70 жылдығы шеңберінде «Хабар» Агенттігі ұйымдастырған «Жеңіске құрмет!" акциясының және «Ұлттық музейге сый тарту» акциясының биылғы жылғы қортындысы болып табылады.

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҚР Парламенті депутаттары, Астана қаласының қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері қатысты. «Біз жастарға патриоттық тәрбие беру жөнінде жиі айтамыз. Бірақ оның өзіндік салалары, нақты бағыты болу керек. Сондай жақсы іс-шараның біріне бүгінгі мынау Жеңіс туының көшірмесін Ұлттық музейге салтанатты түрде табыстау рәсімін атауға болады. Бұл рәсім арқылы біз арғы-бергі аталарымыздың қолдарынан туларын түсірмегенін байқауға болады» — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Абай Тасболатов.

«Ұлттық музейге сый тарту» акциясының биылғы жылғы қорытынды жиынына келген Таболатов мырза Ұлттық музейге жез самауыр, жазушы Сұлтан Оразалин өзінің жеке кітапханасынан 1500-дей кітап пен журналдарды музей кітапханасына сыйға тартты. 

2010 жылғы 21 сәуірде Ресейдің Әскери даңқ залында Қазақстан Республикасына Жеңіс Туының көшірмесін ресми түрде салтанатты тапсыру шарасы өткен. Жеңіс Туын Кеңес Одағының Батыры В. Ульянов және Кеңес Одағы интернационалист-жауынгерлер ісі бойынша комитеттің Төрағасы Р. С. Аушев «Нұр Отан» партиясының астаналық «Бірлік» филиалының Төрағасы С. К. Мұқанов пен Ауғанстан соғысының ардагерлері одағының Қазақстан Республикасындағы Төрағасы Ш. А. Өтегеновке тапсырған.

Бұл 1945 жылғы 30 сәуірде сағат 18.30-да Рейхстагқа бірінші болып ту тіккен жерлесіміз Рақымжан Қошқарбаев пен кировтық Григорий Булатовтың ерлігін ресми түрде растау және мойындау болып табылады.

Ескертіп кетсек, «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы биылғы жылғы 18 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде салтанатты түрде бастау алған болатын. Шараға ҚР премьер-министрінің сол кездегі орынбасары Бердібек Сапарбаев, Кенен Әзірбаевтың ұлы Бақытжан Әзірбаев, Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин, «Қадыр Мырзалиев» қорының төрағасы Донеділ Қажымов, Олимпиада ойындарының чемпиондары — Серік Сәпиев, Бақыт Сәрсекбаев, Юрий Мельниченко сынды елге белгілі азаматтар, коллекционерлер, танымал тұлғалардың ұрпақтары, спортшылар, жеке адамдар қатысқан еді.

Акция келесі жылы да жалғаса береді. Ұлттық музей бұл іс-шараны еліміздің барлық өңірінде өткізуді жоспарлап отыр.

.