Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Қазақ ұлттық өнер университеті Тәуелсіздік күнін Үндістанда атап өтті
11.12.2015

Қазақ ұлттық өнер университеті Тәуелсіздік күнін Үндістанда атап өтті

 

11 желтоқсан, 2015. ҚР ұлық мерекелерінің бірі Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақ ұлттық өнер университетінің шығармашылық ұжымы Үндістанда дүбірлі концерт өткізді. Концерттік бағдарламалар Үндістанның Дели қаласындағы ең ірі Sirifort Auditorium концерт залында өтті.

Делегацияны Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева басқарды. Кеш бағдарламасына Камералық оркестр, «Шат» домбырашылар ансамблі, хореография тобы, көркемөнер шеберлері, жеке солист ретінде Азамат Жылтыркөзов қатысты. Сондай-ақ, Үндістанға Қазақ Ұлттық өнер университетінің суретші ұстаздары мен студенттердің көркем сурет көрмесі арнайы жеткізілді. Онда қазақ хандығының 550 жылдығын айқындайтын ерекше экспонаттар мен тарихтан сыр шертетін суреттер қойылды.

Сапар барысында өнер ұжымы ашық алаңда да Үндістан халқы үшін салтанатты кеш өткізді. Кештің өтуі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, ҚР Үндістандағы елшілігінің жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асты. Сондай-ақ, сапар барысында «Кедентранссервис» АҚ және «Қазақстан халықтарының рухани дамуы қоры» АҚ демеушілік көрсетті. ҚР Үндістандағы елшісі Б. Сәрсенбаев Қазақ ұлттық өнер университеті мен Үндістандағы университеттер арасындағы тәжірибе алмасу жөніндегі достастық келісімге келуге шақырды. Концерттік бағдарлама көрермендері қазақстандық әртістердің өнер көрсетуін ризалықпен қарсы алып, өнер иелеріне шексіз ықылас білдірді.

Концерттік бағдарламадағы ұлттық нақышты шығармалар еліміздің сәлемін жеткізсе, орындалатын классикалық әлем шығармалары өнер ұжымының жоғары дәрежесін дәлелдеді. Айман Қожабекқызы: «Тәуелесіздігімізге тәубе айтып, бейбіт елде, төрт құбыламыз тең өмір сүруіміз, шет мемлекеттері алдында биік абыроймен өнер көрсетуіміз ең алдымен Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында,- екендігін атап өтті.

Музыканың дінге, тілге, ұлтқа бөлінбейтіндігі тағы бір мәрте дәлелдеген өнер ұжымы кезекті салтанатты кештерін жоғары дәрежеде өткізді.

.