Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

 Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстанның ел бірлігі доктринасы Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

«Мәдениет» партия ұйымының мүшелері әлеуметтік-медициналық мекеме балаларымен Жаңа жыл шыршасын безе
22.12.2015

«Мәдениет» партия ұйымының мүшелері әлеуметтік-медициналық мекеме балаларымен Жаңа жыл шыршасын безендірді

 

22 желтоқсан, 2015. Астана. «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» Астана қалалық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері Первомай балалар психоневрологиялық және қимыл-тірек аппараты функциялары зақымдалған балаларға арналған әлеуметтік-медициналық мекемеге барды.

Мекеменің ерекше тәрбиеленушілерімен кездесуге партия мүшелері Көкшетау балаларға арналған орыс драма театрын шақырды. Театр әртістері жас көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, «Бука Зайчонок» спектаклін көрсетті. Балалар актерлердің өнерлерін қуаышпен қарсы алып, спектакль кейіпкерлеріне жоғары қызығушылық танытты және спектакльге де белсене атсалысқан болатын.

Қойылымнан кейін балалар «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы мүшелері және Аяз Атамен бірге Жаңа жыл шыршасын безендіруге кірісті. Шараға қатысып жатқандардың барлығы да орын алып жатқан жағдайға дән ризашылығын білдірді. Орман сұлуын безендіріп болған соң, Аяз Ата әлеуметтік-медициналық бүлдіршіндеріне сыйлықтар табыс етті.

Партия ұйымының мүшелері балаларды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, сыйлықтар сыйлады.

Ескертіп кетсек, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» Астана қалалық филиалы «Мәдениет» бастауыш партия ұйымы елдің қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, зейнеткерлер, мүгедектер, жұмысқа қабілеті жоқ, денсаулығында мәселелері бар балалар және т. б. әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау шараларының белсенді қатысушысы болып табылады.


.