Шрифт көлемі:
A A A
Сайт түстері:
A A A
Жай нұсқа
Размер шрифта: A A A
Цвета сайта: A A A
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайты

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

Қазақстан республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты

«Мәңгілік Ел»/«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының логотипін жасауға байқау Сенім телефоны 74-04-26

Система Orphus

Министрліктің жаңалықтары

Қазақстан блогерлері «Қазақ хандығының 550-жылдығы» мерейтолық медальдерімен марапатталды
29.12.2015

Қазақстан блогерлері «Қазақ хандығының 550-жылдығы» мерейтолық медальдерімен марапатталды

 

29 желтоқсан, 2015. Астана. Аяқталуға бет бұрған жылды қорытындылай келе Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстан блогерлері Альянсының президенті Ғалым Байтүкке ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хаты мен «Қазақ хандығының 550-жылдығы» мерейтолық медалін табыстады.

2015 жыл Қазақ хандығы құрылуының 550-жылдығын атап өтумен ерекшеленді. Бұл айрықша мерекені тойлауға еліміздің барлық азаматтары қатысып, республика бойынша 700-ден астам түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларды айқындаумен отандық және шетелдік БАҚ айналысты. Мерейтойлық іс-шараларды насихаттау жұмысына әлеуметтік желілер қолданушылары да белсенді қатысты.

Қазақстанның бас блогерімен кездесу барысында Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгінгі таңда әлеуметтік желілер бейресми бұқаралық ақпарат құралдарының ролін атқарып жатқандығына тоқталып кетті. Олар түрлі жаңалықтарды халықтың кең топтарына қолжетімді етіп, оларды қарапайым және барлығына түсінікті етіп жеткізеді.

«Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған шараларды айшықтауға қатысқан еліміздің барлық блогерлеріне шексіз алғысымды білдіремін. Жыл бойы блогерлер жеке парақшаларының беттерінен бүкіл әлемге ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз бен дәстүрлеріміз туралы баяндау және мыңдаған жазылушыларымен фотосуреттермен бөлісу арқылы қоғамда патриоттық сезімдерімен өз елі үшін мақтаныш сезімін ұялатуға атсалысты», — деді министрлік басшысы.

Сонымен қатар Жанна Ильичева, Аршат Ораз, Арыстанғали Санзызбаев және Серік Мәмбетов секілді қазақстандық блогерлер естелік мерейтойлық медальдармен марапатталды.

.