Хабарландырулар

03.10.2017

ҚР МСМ 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі ғылымды дамытудың келесі басым бағыты бойынша 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға (іргелі және қолданбалы зерттеулер) конкурс өткізетінін хабарлайды: «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдың білімі, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)

Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңес беру жөнінде жауапты тұлға – музейлер мен кітапханалар басқармасы басшысының м.а. Н.Н. Кадримбетова, бас сарапшы Ж.С. Сеидалиева, телефондар 8 (7172) 74-04-57, 74-04-49.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 15 кіреберіс, 517 кабинет, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті. Телефон 8-7172-74-04-49, 74 04 57. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – конкурсты өткізу туралы соңғы хабарландыру жарияланған күнінен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күннен кеш емес.

Толығырақ: http://mks.gov.kz/kaz/informery/centralnyi_apparat/departament_kultury_iskusstva/tvorcheskie_konkursy_dki/?cid=0&rid=2779

Өзгерту: 03.10.2017