Хабарландырулар

14.12.2017

ҚР МСМ 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға конкурс өткізетінін хабарлайды

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі  2017 жылғы  29 қыркүйекте жарияланған 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша «Мәңгілік ел» ғылыми негіздері басымды бағытына сәйкес жарияланған конкурстың құжаттамаларында кейбір мәліметтердің анық берілмеуіне орай конкурсты қайта өзектендіру қажеттілігі туындады.

Осы орайда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 325 бұйрығымен осыған дейін жарияланған конкурс құжаттамаларына өзгерістер енгізіліп, конкурсты 2017 жылғы 26 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) ұзарту туралы хабарлайды.

Конкурстық құжаттама жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыру және өтінімдерді дайындау бойынша кеңес беру жөнінде 8 (7172) 74-00-14; 74-04-49, 8 747 761 24 84 телефондарымен хабарласу қажет.

Өтінімдерді тіркеу және ЖТН (жеке тіркеу нөмірі) алу үшін «ҰМҒТСО» АҚ (is.ncste.kz) ақпараттық жүйесімен жұмыс істеу бойынша Call center: 8-727-355-50-01 (ішкі номер 217, 218, 219, 221, 222, 223, 224, 226, 227, 228, 232, 233, 231, 236). Жұмыс уақыты:  дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін.

Конкурстық өтінімдер қолма-қол немесе алу туралы хабарландырумен курьерлік почта арқылы келесі мекенжай бойынша ұсынылады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, 15 кіреберіс, 517 кабинет, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаменті. Жұмыс уақыты: дүйсенбі - жұма, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 26 желтоқсан.

Өзгерту: 14.12.2017