Хабарландырулар

11.01.2018

Ойын бизнесі және лотерея операторының субъектілеріне  ақпарат

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – КЖ/ТҚҚ) 3-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес ойын бизнесі мен лотереяны ұйымдастырушылар қаржы мониторингі субъектілерінің мүшелері болып табылады.

Осыған байланысты, Сіздерді КЖ/ТҚҚ заң нормаларын сақтауды, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы №1484 қаулысымен бекітілген деректер мен қаржы мониторингiне жататын операциялар туралы ақпаратты қаржы мониторингі субъектілерінің ұсыну Ережесінің 3-тармағы талаптарын сақтау қажет екендігі туралы хабардар етеді».

Өзгерту: 17.01.2018