Баспасөз хабарламалары

11.03.2017

«Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңының қабылдануы жөнінде

Қазіргі таңда, заманауи лотерея белсенді заманауи телекоммуникациялық, ақпараттық және басқа да технологияны пайдаланатын әлемдік экономиканың қарқынды дамып жатқанын саласын білдіреді. Лотереяны өткізуден түскен қаражатты тиімді басқару, оларды спорттың дамуына бағыттауға мүмкіндік береді. Лотерея экономикаға тікелей инвестициялардың тиімді көзі ретінде қарастырылады.

Қазақстан Республикасында алғашқы рет бірегей «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заң қабылданды. Заңмен ұлттық лотерея саласының тиімді және қарқынды дамуын қамтамасыз ету, олардың әлемдік  стандарттарға және озық тәжірибелерге бағдарлануы, сондай-ақ қоғамда ойынға деген  тиісті қарым-қатынасты қалыптастыру үшін оңтайлы жағдай жасалған, ол дамыған лотерея нарығында – «Ойынға деген жауапкершілікті қарым-қатынас» (Responsible Gaming) деп аталады және осы экономика саласын дамытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Сондай-ақ, Заңмен әлеуметтік саланы қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін тарту тетігі енгізіледі.

Заңды іске асыру мақсатында, ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 қаулысымен «Сәтті Жұлдыз» АҚ лотерея операторы болып айқындалды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, лотерея қызметінің саласында уәкілетті орган бола отырып, 2017 жылғы 2 наурызда «Сәтті Жұлдыз» АҚ-мен танысу кездесуді өткізді, оның барысында лотерея операторы саладағы ең үздік практикаға және әлемдік тәжірибеге сәйкес Қазақстанда лотереяның дамуына өз пайымын ұсынды.

«Сәтті Жұлдыз» АҚ өзінің алдына өткізілетін лотереяларға соңғы тұтынушының сенім деңгейін арттыру үшін транспоренттік және жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, компания қызметін басқарған кезде жоғары корпоративтік стандарттарды есепке ала отырып, озық лотерея өнімін енгізу бойынша мақсат қояды. Сондай-ақ, «Сәтті Жұлдыз» АҚ жаңа технологияларды енгізудің және бизнес-процесті оңтайландырудың арқасында Қазақстан Республикасында спорттың дамуына аударымдарды лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырмадан 10 %-дан 15 %-ға дейін ұлғайтуды ұсынды.   

«Сәтті жұлдыз» АҚ стратегиялық әріптесі лотереяны ұымдастыру саласындағы әлемдік көшбасшы компаниялар Scientific Games International Inc (АҚШ) және Fastrak Retail (UK) Ltd (Ұлыбритания) болып табылады. Scientific Games International 40 жылдам астам тарихы бар және әлем бойынша ұлттық лотереяны құру және дамыту бойынша қызметтің бар кешенін көрсетеді. Өз клиенттеріне 50-ден астам елде жабдықтарды және материалдарды жеткізе отырып, компанияда 8 500-ден астам қызметкер жұмыс істейді.  

Өзгерту: 11.03.2017