Баспасөз хабарламалары

01.04.2017

«2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңын іске асыру туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулысының жобасына баспасөз релизі

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы әзірледі.

Қаулы жобасы халықаралық ғылыми конференциясын, Халықаралық байқаулардын лауреаты Құдайберген Димаштын концертін және ЭКСПО 2017  Халықаралық мамандандырылған көрме шеңберінде жоспарланған іс-шараны 2017 жылғы мемлекеттік тапсырыс тізбесіне енгізуді көздейді.

Осыған орай,  «2017 - 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысының 22 қосымшасына өзгерістер енгізіледі.

Қаулы жобасы Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Өзгерту: 03.04.2017