Баспасөз хабарламалары

23.02.2018

Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасындағы VI республикалық жас орындаушылар конкурсын өткізу туралы баспасөз хабарламасы    

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесінің базасында 2018 жылғы 23-28 наурыз аралығында Алматы қаласында дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында VI республикалық жас орындаушылар конкурсын өткізеді.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері: оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыру, дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық тұрғыдан әрі қарай дамыту, талантты жастарды анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстанның музыка өнерін насихаттау.

Конкурсқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары келесі номинациялар бойынша қатысады:

«Ішекті аспаптар» (скрипка, альт, виолончель, контрабас,арфа),

«Халық аспаптар» (домбыра, домраприма, шертер, қобыз, қылқобыз, баян, аккордеон,гитара) және жасына қарай келесі топтарға бөлінеді:

–кіші топ – 12 жасқа дейін;

–орта топ – 13–15 жасқа дейін;

–ересектер тобы – 16–19 жасқа дейін.

Конкурстың қазылар алқасына Қазақстанға танымал музыканттар мен педагогтар шақырылады.

Конкурстың жеңімпаздары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Конкурстың ашылуы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» РММ үлкен концерттік залында а.ж. 23 наурызда сағат 10.00-де өтеді.

Конкурстың лауреаттары мен дипломантарын марапаттау а. ж. 28 наурызда сағат 11.00 – де өтеді.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:.Алматы қаласы, Байзақов көшесі 304, тел. 8(727) 394-96-05, 8(727) 394-91-45, e-mail: baysa48@mail.ru

Өзгерту: 23.02.2018