Баспасөз хабарламалары

28.04.2018

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қоғамдық туристік сараптама тобының кезекті отырысын өткізуді жоспарлап отыр

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» қолдауымен, Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 6 қартардағы №4 бұйрығымен құрылған Қоғамдық туристік сараптама тобының (бұдан әрі - ҚТСТ) кезекті отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

ҚТСТ отырысын оның басшысы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Казанцев Павел Олеговичтің басқаруымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлының қатысуымен өткізу жоспарланып отыр.

ҚТСТ жұмысына Парламент Мәжілісінің өкілдері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, туризм саласында жұмыс істейтін ассоциациялар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысады.

Жоспарланған кездесуде қабылданған ұсыныстарды ескере отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тұжырымдаманың жобасын талқылау жоспарланып отыр.

Өзгерту: 28.04.2018