Баспасөз хабарламалары

22.05.2018

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан республикасының Заңына баспасөз релизі

2018 жылғы 16 мамырда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойылды. 

Заң Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы         № 905 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарының 5-тармағына сәйкес әзірленді.  

Заңның негізгі мақсаты архив саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады. 

Заңмен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының  бастамасы бойынша ақылы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерін өткізуден түскен ақшаны мемлекеттік архивтерге басқаруға құқық беру бөлігінде Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына толықтыру енгізіледі.   

Заңмен сондай-ақ тақырыптық, генеалогиялық сұрау салулар, архивтік құжаттарды ретке келтіру, депозитарлық сақтау сияқты және басқа да мемлекеттік архивтер көрсететін ақылы қызметтер тізбесі бекітілді. 

«Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының түсініктемлік аппараты кеңейтілді және нақтыланды. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін бірыңғай нормативтік актілерде қағаз және электрондық құжаттарды ресімдеуге, сақтауға және пайдалануға қойылатын талаптарды бекіту көзделген.   

Электрондық құжат айналым мен электрондық архивтерді дамыту мақсатында «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасы Заңына түзетулермен электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелері бойынша уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың құзыретін кеңейту көзделген.   

Заңмен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына жеке тұлғалар жүгінгенде жеке сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН), заңды тұлғалар - бизнес сәйкестендіру нөмірлерін (БСН) көрсету міндеттілігі туралы толықтыру енгізілген.   

«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес банкроттық басқарушының таратылатын ұйымның архивтік құжаттарын ретке келтіруді ұйымдастыру міндеті бекітілген. 

«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы туралы» және «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Заң жобасын әзірлеген кезде жетекші шет елдердің  заңнамасы мен архивтік істі дамытудың халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Қабылданған Заң мемлекеттік шығыстардың ұлғаюына не мемлекеттік кірістердің қысқаруына, сондай-ақ  теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Өзгерту: 22.05.2018