Баспасөз хабарламалары

18.06.2018

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына пресс-релизі

«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 894 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылға арналған заң жобалау жоспарының 5-тармағын іске асыру үшін әзірленді.

Еліміздің мәдени мұрасын құру, жаңғырту, сақтау, дамыту, насихаттау және пайдалану және құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді анықтау мақсатында жүргізіліп отырған тарихи-мәдени мұра саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен заңнамалық базаны жетілдіруді талап етеді.

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелерін реттейтін негізгі заңнамалық акт болып табылатын «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының алғашқы жылдарында қабылданды және саланы реттеудің базалық нормаларын қамтиды. 

Заң жобасының мақсаты тарихи-мәдени мұра, ғылыми-реставрациялау және археологиялық қызмет саласындағы қарым-қатынастарды кешенді реттеудің аса тиімді құқықтық негіздерін қалыптастыру болып табылады.

Бүгінгі таңда тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу және сақталуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар мәселелер бар.

Заң жобасында тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтау, есепке алу, сондай-ақ тарихи-мәдени сараптама жүргізу, объектілерді паспорттау мәселелеріне ерекше мән берілген. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұра объектілерін ескерткіш деп тану, уәкілетті орган мен жергілікті атқарушы органдардың құзыреттерінің аражігін ажырату және нақты белгілеу айқындалған.

Сонымен бірге, Заң жобасында археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жыл сайын жоспарлау және аталған жұмыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту бойынша уәкілетті органның құзыреті қарастырылған.

Осылайша, осы Заң жобасы қабылданған жағдайда еліміздің тарихи-мәдени мұрасын одан әрі сақтау, тиімді пайдалану және насихаттау бойынша қажетті жағдайлар жасалатын болады.

 

 

Өзгерту: 19.06.2018