Өзекті мәселелер бойынша бірыңғай анықтамалық

Вопрос
Қазақстан Республикасы Спорт шебері куәлігін қалай қалпына келтіруге болады?
Ответ

Қазақстан Республикасы Спорт шебері куәлігін қалпына келтіру үшін куәлікті қалпына келтіруші тұлға туралы толық мәлімет, спорт түрі, «Қазақстан Республикасы спорт шебері» атағын беру туралы бұйрықтың номерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (Астана қ., Орынбор көш., 8, 15-кіреберіс, 631-кабинет) ресми хат жолдауыңыз қажет.

Вопрос
Как получить разрешение на вывоз культурных ценностей за рубеж?
Ответ

В соответствии с подпунктом 13-1) статьи 8 Закона Республики Казахстан "О культуре" свидетельство на право временного вывоза культурных ценностей выдается местными исполнительными органами области, города республиканского значения и столицы. Кроме того, согласно приказу Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 22 января 2015 года "Об утверждении Правил выдачи свидетельства на право временного вывоза культурных ценностей" культурную ценность вывозимого предмета определяют экспертная комиссия по временному вывозу культурных ценностей, создаваемые местными исполнительными органами. Разрешение на вывоз выдается на основании заключения указанных комиссий.

Вопрос
Спорттық шараларды ұйымдастыруға рұқсат алу үшін не істеуім керек?
Ответ

Спорттық шараны ұйымдастыруға рұқсат алу үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 4 қарашасындағы №74 «Спорттық іс-шараларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген спорттық шараларды өткізу қағидаларымен танысу қажет. 

Вопрос
Қандай мекемелер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеруге міндетті?
Ответ

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституциялық заңының   4-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламентiнiң, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктердiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Конституциялық Кеңестiң, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекеттiң протоколдық практикасына сәйкес көлiк құралдарында мiндеттi түрде көтерiледi (тiгiледi, орналастырылады).

Мемлекеттік рәміздерді қолданудың өзге шарттарымен жоғарыда көрсетілген Конституциялық Заңда танысуға болады.

Вопрос
Еңбек демалысы, іс-сапарлар, дисциплинарлық жазалау туралы бұйрықтар қанша жыл сақталу қажет?
Ответ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы №22 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінде пайда болатын сақтау мерзімі көрсетілген үлгілік құжаттар тізімінің 12-тармағына сәйкес  еңбек ету жағдайы ауыр, зиянды (айрықша зиянды) және қауіпті (айрықша қауіпті) деп танылған қызметкерлердің демалысы,  жыл сайынғы еңбек демалысы, әлеуметтік демалысы, еңбек ету жағдайы ауыр, зиянды (айрықша зиянды) және қауіпті (айрықша қауіпті) деп танылған қызметкерлердің демалысы ұзақ мерзімді шетелдік іс-сапарлары, іс-сапарлары туралы бұйрықтарды сақтау мерзімі – «75 жыл».

Қысқа мерзімді іс-сапарлар туралы («Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі N 1428 Қаулысына сәйкес), сонымен қатар дисциплинарлық жазалау туралы бұйрықтар сақтау мерзімі «75 жыл» құрайтын ұйымдастыру-басқару мәселелері туралы бұйырықтар қатарына жатқызылады.